конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Швейцария Парламенті депутаттарым...

Дархан Сатыбалды Швейцария Парламенті депутаттарымен қалалар ынтымақтастығын талқылады

Барлығы 11.10.2025, 20:21 705
Дархан Сатыбалды Швейцария Парламенті депутаттарымен қалалар ынтымақтастығын талқылады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қазақстан – Швейцария» парламенттік достық тобының тең төрағасы, кантондар кеңесінің депутаты Йозеф Дитли бастаған Швейцария Парламенті депутаттары делегациясымен кездесті.

Делегация құрамында кантондар кеңесінің бұрынғы төрағасы Филлип Ломбарди, кантондар кеңесінің депутаты Марко Кьеза, ұлттық кеңес депутаты Эрик Нусбаумер және Швейцария Конфедерациясы Парламентінің басқа да өкілдері болды.

Дархан Сатыбалды атап өткендей, Алматы – елдің ең ірі қаржы және іскерлік орталығы. Мұнда Қазақстандағы банк активтерінің 60 пайыздан астамы мен сақтандыру нарығының шамамен 70 пайызы шоғырланған. Қаланың экономикасының негізін қызмет көрсету мен сауда саласы құрайды, ал шағын және орта бизнес халықты жұмыспен қамтудың және табыс өсімінің негізгі көзі болып отыр.

Сондай-ақ әкімнің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларындағы қорытынды бойынша Алматы мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 303 мың АҚШ доллар болды.

Кездесу барысында депутаттар табиғи жағдайы, іскерлік белсенділігі мен туризм және қаржы технологияларын дамыту әлеуеті тұрғысынан Алматының Лугано қаласына ұқсастығын атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар Алматы мен Швейцария қалалары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, соның ішінде қалалық инфрақұрылым, орнықты даму және инновация салаларында тәжірибе алмасуға мүдделілік білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Швейцария #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Заң бұзғандарды видеоға түсіргендер сыйақы алады

Бүгін 15:21

Алматыда Орталық Азияның жас көшбасшылары жасанды интеллект және тұрақты даму саласындағы жобаларын таныстырды

Бүгін 15:17

Алматыда Абай күніне арналған викторина өтті

Бүгін 15:14

Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де IOAI 2026 олимпиадасында медальға ие болды

Бүгін 15:10

Азаматтардың басым көпшілігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдіреді

Бүгін 15:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);