AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Комитет Қазақстан-Қытай шекарасындағы кептеліс себ...

Комитет Қазақстан-Қытай шекарасындағы кептеліс себебін түсіндірді

Әлеумет 12.10.2025, 11:48 939
Комитет Қазақстан-Қытай шекарасындағы кептеліс себебін түсіндірді
Сурет: Naryntany.kz

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" өткізу пунктінде ҚХР-ға бағыт алған көліктердің кептеліске түскені байқалған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, отандық тасымалдаушылардың шекарадан өтуге қажет шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауынан пайда болды. Бұл бланкілер екі елдің салалық көлік ведомстволары арасында өзара айырбасталады.

"Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Көлік министрлігімен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір Қазақстан мен Қытайдың салалық ведомстволары қазақстандық тарапты қосымша шетелдік рұқсат бланкілерімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҚХР-дың Бас кеден басқармасымен де келіссөздер жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

"Нәтижесінде қытай тарапы қабылдайтын автокөліктің санын уақытша арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, қытай өткізу бекеттерінде өткізуді арттыру және кедендік ресімдеуді жеделдету жөніндегі қосымша шаралар келісілді", - деп көрсетілді хабарламада.

Тасымалдаушылардың қаржы шығынын барынша азайту үшін ҚР ҚМ МКК "CarGoRuqsat" электрон кезек жүйесінің әкімшісі – "АЭО" АҚ-мен бірлесіп, белсенді броньдардың қолданылу мерзімін 72 сағатқа ұзарту туралы шешім қабылдады. 

"Бұл тасымалдаушыларға жүйенің жаңартылған жұмыс қағидаларына сәйкес бронь үшін төленген 1 АЕК сомасын және 20 АЕК көлеміндегі кепілдік жарнаны сақтауға, сондай-ақ шетелдік рұқсаттардың берілуі қайта басталғаннан кейін өткізу тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірілді хабарламада.

Бұдан бөлек, Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігінен "С" санатындағы жаңа рұқсат бланкілері партиясы түскеннен кейін, өтініш беріп үлгермеген отандық тасымалдаушылар белгіленген тәртіппен бұрын брондалған кезек арқылы бланкілерді рәсімдеп, алуға мүмкіндік алады.

МКК жағдайдың тұрақты бақылауда екенін хабарлады. Қабылданып жатқан барлық шара автокөлік өткізу режимін жедел қалпына келтіруге және көлік ағынының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

"Комитет түсіністік танытқаны үшін тасымалдаушыларға алғыс білдіреді және шетелдік рұқсат бланкілерінің жаңа партиясы келгенге дейін өткізу пункттеріне уақытша бармауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, қыркүйетің аяғында Қазақстан-Ресей шекарасында РФ тарапынан бақылаудың күшеюіне байланысты кезек пайда болған еді. ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, ресейлік қызметтер жүктерді тексеруді күшейтіп, көлікті қарау уақытын ұлғайтты және құжаттарды, санитарлық және фитосанитарлық талаптарды тексерудің қосымша шараларын енгізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қытай #шекара #кептеліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);