AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Президент кеңесшісі Жасанды интеллект туралы дәріс...

Президент кеңесшісі Жасанды интеллект туралы дәріс оқыды

Барлығы 12.10.2025, 12:06 555 Сұлу
Президент кеңесшісі Жасанды интеллект туралы дәріс оқыды
Абай университеті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай университетінің белсенді студенттерімен кездесті. Оның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерді түсіндіру және ондағы айтылған айқын бағдарларды насихаттау. Жылы жүздесу барысында емен-жарқын әңгіме болды.

Президент кеңесшісі Жолдау бойынша жылдың аяғына дейін Қазақстан жоғары оқу орындарын түгел дерлік аралып шықпақ. ЖОО студенттерімен ең бірінші кездесуді еліміздегі тұңғыш университеттен бастауының өзінде символикалық мән бар. Өйткені, ұлтымыздың ұлы тұлғалары бастауында тұрған Абай университеті 1928 жылы ең алғашқы ашылған жоғары оқу орыны. Сонымен қатар, Орталық Азия мен Қазақстандағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы университет. Қасиетті қара шаңырақтан түлеп ұшқан түлектер педагог ретінде ертеңгі күні мемлекеттің іргетасын нығайтуда маңызды рөл атқарады.

«Мен де студент болғанмын. Ал осындай құндылығы жоғары Абай университетінің студенті болу – сіздер үшін үлкен мәртебе» деді Мәлік Нұржанұлы.

Жолдаудың жастар үшін аса көп мүмкіндік беретін тетіктері туралы баяндаған М.Отарбаев Қасым-Жомарт Кемелұлының «Мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет» деп айтқан сөзінің астарында жатқан үлкен стратегиялық қадамдар жатқанын айқындап берді.

Қазір қоғамды жасанды интеллект (ЖИ) мәселелеріне байланысты талай-талай толғамды ойлар әрі-сәрі күйге түсіріп жүргені белгілі. Оны Президент кеңесшісі жоққа шығарып, жасанды зерде тек құрал болуы керек екенін еске салды. Бұл өз кезегінде студенттер тарапынан зор қызығушылық туындатты. Олар болашақ педагог ретінде «ЖИ-мұғаліммен қандай да бір бәсекелестік туындауы мүмкін бе?» деген өзекжарды сұрақтарын қойды. Оған қатысты «Әрине, заманауи педагогтың білігі жоғары болғаны жөн, бірақ ЖИ ұстаз беретін адами ілімді ешқашан бере алмайды» деген жауап берілді.

Өз сауалдарын еркін әрі жан-жақты қойған студенттер өздерін мазалаған күрделіліктерге нақты-нақты мысалдармен жауап алып, Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің Жолдау туралы, бүгінгі күн тәртібіндегі жастарды қызықтыратын тың тақырыптарды көтергендеріне ризашылықтарын білдірді. 

Бұл пікір алмасудан түрлі инсайт алған жастар тағлымы мен тәлімі мол кездесуден мотивация алып шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Президент кеңесшісі #Жасанды интеллект #Дәріс #Абай атындағы ҚазҰПУ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика