AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда Швециядан келген профессордың жетекшілігі...

Алматыда Швециядан келген профессордың жетекшілігімен күрделі операциялар жасалды

Медицина 28.04.2025, 10:55 786 Нұржамал ӘЛІШ
Алматыда Швециядан келген профессордың жетекшілігімен күрделі операциялар жасалды
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы жетекші сарапшы, Каролинск институтының (Стокгольм, Швеция) профессоры Наузад Салехтің жетекшілігімен шеберлік класы өтіп, 7 пациентке қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру бойынша күрделі операциялар жасалды.

Мұндай аз инвазивті хирургиялық араласулар ашық операциялар жасауға болмайтын ауыр жүрек қан тамырлары аурулары бар науқастарға жасалады. 

Науқастардың бірі – 87 жастағы Михаил Федорович қолқа қақпақшасының ауыр стенозына шалдыққан. Оны жүрек тұсындағы ауырсыну, тыныштықта да пайда болатын жүрек соғысы, ентігу, бас ауруы мазалаған. Ол диагнозын бір жыл бұрын ентігу күшейген кезде білген.

«Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Алматыда қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық имплантациялау бойынша жоғары технологиялы операцияны дамытудың басында тұр. TAVI - ең қымбат операциялардың бірі, бірақ пациенттер үшін тегін. Біз халыққа жоғары білікті кардиохирургиялық көмек көрсетуді жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізудеміз. Клиниканың интервенциялық кардиологтарының жоғары кәсіби шеберлігі ең күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік береді», – дейді Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Институттың рентгенендоваскулярлық блог меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, барлық манипуляциялар қан тамырына енгізілген катетер арқылы жүзеге асырылады. Митральды қақпақшаға операция жасау жүрек қақпақшасы мен жүректің жұмысын қалпына келтіруге, ентігу, шаршау, жүрек ырғағының бұзылуы, аяқтың ісінуі сияқты белгілерді азайтуға және науқастардың өмірін ұзартуға көмектеседі. Мұндай операциялар көптеген адам өмірін сақтап қалады.

Профессор Салех клиниканың интервенциялық кардиологтарымен өз білімі мен тәжірибесімен бөлісті, бұл қолқа қақпақшасын ауыстыруды қажет ететін пациенттерге медициналық көмек көрсету деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Ол институт мамандарының жоғары біліктілігін, барлығы өз ісін жақсы біледі деп атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наузад Салех #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);