Алматыда құрылыс компаниясы заң бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды

  • 14:54, 29 қазан 2025
Алматыда құрылыс компаниясы заң бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасы «СК 7 строй» ЖШС атты құрылыс лицензиясынан айырылған компания туралы хабарлады. 
 
Мердігер қала аумағындағы бірнеше нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген. Соның ішінде №112 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына қосалқы құрылыс салу және Әуезов ауданындағы абаттандыру жобалары бар.


 
Барлық нысанда жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, оның нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормалардың талаптарын сақтамау деректері анықталды.


 
Тексеру қорытындысы бойынша «СК 7 Строй» ЖШС-не әкімшілік шаралар қолданылып, оның құрылыс қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59

16:48

16:34

16:16

16:02

15:48

15:32

15:16

15:01

14:42

14:31

14:16

14:10

14:01

12:28