AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жатыр денесінің қатерлі ісігі: сырқат жайлы дер ке...

Жатыр денесінің қатерлі ісігі: сырқат жайлы дер кезінде айту  – маңызды

Барлығы 28.10.2025, 19:07 453
Жатыр денесінің қатерлі ісігі: сырқат жайлы дер кезінде айту  – маңызды
Алматы әкімдігі

Жатырдың шырышты қабатының қатерлі ісігі (эндометрийдің қатерлі ісігі) әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып отыр. Онкологтардың деректеріне сәйкес, бұл ауру көбіне 45 жастан асқан әйелдерде анықталады. Алайда соңғы жылдары оны жас шамасы төмен пациенттерден де диагностикалау жағдайлары тіркеліп келеді. Алматыда да осы ауруға шалдыққан әйелдер саны едәуір, мамандар мәселе туралы хабардарлықтың артуына байланысты дәрігерге жүгінушілер легі көбейгенін атап өтеді.

Аурудың дамуы ықтималдылығын арттыратын негізгі факторлардың қатарында гормоналдық бұзылыстар (әсіресе эстроген деңгейінің жоғары болуы), артық дене салмағы мен семіздік, қант диабеті, артериялық гипертензия, жүктіліктің болмауы немесе кеш жүктілік, тұқым қуалайтын бейімділік, сондай-ақ аз қозғалысты өмір салты бар. Алматы онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімінің меңгерушісі Райхан Болатбекованың айтуынша, бірнеше фактордың қатар әсер етуі ауру қаупін айтарлықтай арттырады. Сондықтан қауіп тобына кіретін әйелдерге профилактикалық тексеруден жүйелі түрде өтіп тұру аса маңызды.

Ауруды дер кезінде анықтауға кедергі келтіретін бірқатар қате түсінік бар. Ең кең тараған ойлардың бірі — эндометрийдің қатерлі ісігі себепсіз және кенеттен пайда болады деген пікір. Іс жүзінде, көп жағдайда ауру алдын ала анықталуы мүмкін предракті жағдайлар фонында дамиды, оларды гинекологтың жоспарлы қабылдауында анықтауға болады. Тағы бір қате түсінік — ауырсыну болмаса, алаңдауға негіз жоқ деген ой. Аурудың бастапқы кезеңдерінде ол көбіне ауырсынусыз өтеді және тек етеккір аралық мезгілсіз немесе қан аралас бөлінділердің пайда болуымен байқалуы мүмкін, әсіресе менопауза кезеңінен кейін.

Гинекологқа профилактикалық қаралу, кіші жамбас ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі және қажет болған жағдайда гистологиялық тексеру ауруды ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді. Кеш анықталған жағдайда көбіне жатыр мен қосалқыларды хирургиялық жолмен алып тастау, кейін сәулелі немесе химиотерапия жүргізу қажеттілігі туындайды. Бұл әйелдің гормоналды теңгеріміне, эмоционалдық жағдайына және өмір сапасына әсер етуі мүмкін. Ал ерте диагностика жағдайында болжам әлдеқайда қолайлы, ал емдеу тиімдірек әрі жеңілірек өтеді.

Райхан Болатбекова профилактиканың және скринингтік бағдарламаларға қатысудың маңыздылығын атап өтеді.

Алматыда онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған скринингтік тексерулер жалғасуда. Бұл тексерулер ауруды ең бастапқы кезеңдерінде анықтауға мүмкіндік береді, ол кезде емдеу барынша нәтижелі, ал толық сауығу мүмкіндігі едәуір жоғары. Тегін скринингтен 30-дан 74 жасқа дейінгі әйелдер жатыр мойны обырына, 40-тан 76 жасқа дейінгі әйелдер сүт безі обырына, сондай-ақ 50-ден 76 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер колоректалдық (тоқ және тік ішек) қатерлі ісікке тексеріле алады.

Скринингтік зерттеулер тіркелген емханаларда жүргізіледі. Тексеруден өту үшін учаскелік дәрігерге немесе тіркеу бөліміне жүгіну жеткілікті. Маңыздысы, сақтандырылмаған азаматтар да халық денсаулығын қорғауға бағытталған мемлекеттік профилактикалық бағдарламалар аясында онкоскринингтен тегін өте алады.

Ерте диагностика — сәтті емделудің кілті.
Скринингтік бағдарламаларға жүйелі қатысу денсаулықты және өмірді сақтауға көмектеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жатыр ісігі #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика