ffin.kz

Алматыда «Мирас Парк» кешеніне қарасты жер телімдері сатылып жатыр

Алматыда «Мирас Парк» кешеніне қарасты жер телімдері сатылып жатыр Сурет: Vecher.kz

Бостандық ауданында орналасқан аталған тұрғын үй кешенінің айналасындағы жер дауы екі жыл бұрын басталған.


Жеті қабатты сегіз тұрғын үй кешеніндегі мыңнан астам тұрғынның баспанасыз қалу қаупі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vecher.kz-ке сілтеме жасап.


Осы мәселе туралы шағымданған тұрғындардың сөзінше, бұл көп қабатты үйлер 2016 жылы пайдалануға берілген. Құрылысты бір кездері Qazkom банкінен несие алған «Мирас Парк» ЖШС салған.



«Бұл банк «Халық банкімен» біріккен кезде, құрылыс салушының қарыздары ғана емес, барлық активтері де сол банктің иелігіне өтті. Құрылыс салушының қарызы үшін тұрғын үй кешеніндегі сатылмаған пәтерлер мен тұрғын үй кешені орналасқан жер телімдерін алып қойған қаржы ұйымы жер телімдерін, заң талабына сәйкес, тұрғындарға біріктіріп бермеген. Банк осы аумақта тұрғын үй кешені мен тұрғын үйлерге «жан беретін» инфрақұрылым мен инженерлік желілердің салынып қойғанына қарамастан, жер телімдерін сата бастады», - дейді «Мирас парк» тұрғын үй кешені тұрғындарының бірі Антон Витальевич.



Бұл жердегі әңгіме тоғыз жер телімі туралы, бұл дегеніміз алты гектардан астам аумақ. Жергілікті тұрғындардың түсіндіруінше, кейіннен бірге пайдалану мақсатында рәсімделген жерді құрылыс салушы бөлек-бөлек телім түрінде сатып алған, ол аймаққа көп пәтерлі үйлер салынғанымен, құрылыс иесі жер телімдерін біріктіруді ойламаған.



«Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған Халық банкі 2020 жылы жеке сот орындаушысы арқылы жер телімдерінің бірін Тастанбеков деген азаматқа сатып жіберген, соның кесірінен біз бұл аумақтың бір бөлігінен айырылып қалдық», - дейді тұрғын үй кешенінің тағы бір тұрғыны Гүлвира Аманқосқызы.



Оның айтуынша, жер телімінің жаңа қожайыны пәтер иелерінен тұрғын үй кешенінің қоршауын бұзуды талап ете бастаған. Ғ. Тастанбеков тұрғын үй кешенінің алдындағы сатып алған жеріне таунхаус салуды көздеп отыр.


Екі жылға созылған сот процесінде «Мирас Парк» тұрғын үй кешенінің тұрғындары өз пәтерінде, өз аумағында тұру мен меншігін сақтап қалу үшін күресуге мәжбүр болған.


2021 жылы олар «Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» КММ-нен Тастанбековтің өтініші туралы ақпарат беруді сұрап, жазбаша жауап алған. Онда былай делінген:



«Жер телімі М-1 каналының су қорғау аймағында, құдықтары бар инженерлік желілерде және арнайы жасыл желек аймағында орналасқандықтан, Ғ.С. Тастанбековке нысанның сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілмеген, өйткені ол жерде құрылыс жұмыстарын жүргізу қарастырылмаған. Қазір жер телімі белгіленген мақсаты бойынша яғни «Мирас Паркі» МКК үшін пайдаланылуда, өйткені құрылыс барысында көрсетілген жер телімінің астына барлық инженерлік коммуникациялар жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізілді. Мұның үстіне кез келген нысанды салу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына қайшы келеді және қатаң тыйым салынады. Талапкердің шағымданушыларға қоршауды бұз деуі де негізсіз».



Басқарушы компания мен құрылыс салушыны жауапкер ретінде көрсеткен Ғалымжан Тастанбеков алдымен аудандық сотқа, кейіннен қалалық сотқа шағымданған. Талап арызы қанағаттандырылмағандықтан, ол Жоғарғы Сотқа шағымданған.


«FM Group» ЖШС қоршау салып тастағандықтан, талапкер меншік иесі ретінде өз жерін пайдалана алмай отырғанын айтады. Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 2022 жылғы 29 наурыздағы шешімі талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды. Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен аудандық соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды», - делінген тұрғындар бізге көрсеткен Жоғарғы Соттың 2022 жылғы 6 ақпандағы ұйғарымында. 


Сондай-ақ сот шешімі бойынша, тұтас қоршаудың бір аумақ болып есептелетіні, оны күтіп ұстау пәтер иелерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны айтылған.


Сонымен қатар, жергілікті соттар АІЖК-нің 72-бабының талаптарын ескере отырып, талапкердің өзіне тиесілі жер учаскесін жауапкерлердің иеленетіні туралы дәлелді айғақ ұсынбағанын атап көрсетті.


Сот шешімдерімен келіспеген Ғ. Тастанбеков Жоғарғы Сотқа сот актісін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтінішхат берді. Сот тыңдауы 28 ақпанда өтті.


Дәл қазіргі уақытта «Мирас Парк» тұрғын үй кешені тұрғындарының айтуынша, бұл жағдайға жауапты «Халық банкі» тұрғын үй кешенінің аумағынан жер телімдерін бөліп алып, сатуға шығарып отыр...


Сарапшы пікірі


«Алматы» ПИК қауымдастығының төрағасы Аркадий Рубцов:



«Көп пәтерлі тұрғын үйді немесе басқа нысанды салу, пайдалану, күтіп-ұстау үшін қажетті жер учаскесі кондоминиум объектісінің құрамына кіретін үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ үлестік меншігіне берілуі тиіс. Ортақ үлестiк меншiк немесе жерді пайдалану құқығы iргелес жер учаскесiне, яғни көп пәтерлi тұрғын үйдiң айналасын көркейтуге, көгалдандыруға, спорт, балалар алаңдарын, кiрме жолдарды, автотұрақтар, тротуарлар, шағын сәулет нысандарын орналастыруға арналған аумаққа да тиесілі. Сонымен қатар, егер көп пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымы жер учаскесінде орналасқан болса, яғни коммуникациялар мен инженерлік желілер болса, мұндай жер учаскесін құрылыс салушы сатып алса, жобалық құжаттамасын әзірлеу кезінде көп пәтерлі тұрғын үй салынатыны ескерілген болса, онда құрылыс салушы жобалық құжаттамада көрсетілген жер учаскелерін сөзсіз біріктіруі керек. Жаңадан пайда болған жер учаскесі кондоминиумның меншігі саналады. Егер құрылыс салушы арсыздықпен көппәтерлі үйдің аумағындағы жеке жер учаскесін сатуға әрекеттенсе, онда бұл қайталап сату және пәтер иелерінің мүлкі есебінен баю ретінде қарастырылуы мүмкін.»


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32