Алматы қаласының аумағы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақта орналасқан.
Осыған байланысты жыл сайын қала аумағында кене энцефалитімен аурушаңдықтың алдын алу және кенелер санын шектеу мақсатында жұқтыру қаупі жоғары аймақтарда, орманды алқаптарда, халық ең көп баратын жерлерде - қалалық саябақтар мен алаңдарда кенеге қарсы 2 кезеңде дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылы 27 наурызда «Алматы қаласының аумағында кенелерге қарсы өңдеу жұмысының 1-турын ұйымдастыру және өткізуді бақылау туралы» Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің № 134-бұйрығы дайындалып, өңдеудің 1-кезеңіне жататын аумақтың көлемі мен кестесі бекітілді.
Кенеге қарсы өңдеуге жататын аумақтардың тізбесін аудан әкімдіктері аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімдерінің мамандарымен бірлесіп дайындайды. 2023 жылы кенелерге қарсы өңдеумен жалпы ауданы 2454,54 га болатын орманды және қалалық саябақтар, скверлер қамтылады. Дезинсекциялық өңдеуге төмендегі аумақтар жатады:
- жалпы ауданы 1904 924 га болатын 8 орман саябағы;
- жалпы ауданы 519 616 га болатын 144 қалалық саябақтар мен скверлер.
Оның ішінде аудандар кескінінде өңдеуге жататын аумақтардың көлемі:
Алатау ауданы – 2,93 га;
Алмалыауданы –46,7 га;
Әуэзов ауданы –17,97 га;
Бостандық ауданы - 439,314 га;
Жетісу ауданы -50,05 га;
Медеуауданы -1526,76 га;
Наурызбай ауданы -154,716 га;
Турксібауданы -186,10 га.
Кестеге сәйкес, кенеге қарсы өңдеудің 1-кезеңі ағымдағы жылғы 29 наурызда басталды және ауа райы жағдайларын ескере отырып (құрғақ, жауын-шашынсыз ауа райында жүргізіледі) жалғастырылатын болады. Кенелермен күресуде сапалы нәтижелерге қол жеткізу үшін өңдеу 2 кезеңде жүргізіледі (2-кезең мамыр-маусым айларында жүргізіледі).
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, барлығы 2279,24 га болатын аумақ өңделді (жоспар 2424,54) – 94 %, оның ішінде аудандар бойынша:
Аудандар |
Орманды алқаптар |
Қала саябақтары мен алаңдары |
||||
жоспар |
орындалғаны |
% |
жоспар |
орындалғаны |
% |
|
Алатау |
0 |
0 |
0 |
2,930
|
2,930
|
100% |
Алмалы |
0 |
0 |
0 |
46,700
|
39,100 |
83,7% |
Әуэзов |
0 |
0 |
0 |
17,970
|
17,970
|
100% |
Бостандық |
283,314
|
283,314 |
100% |
156,00 |
156,00 |
100% |
Жетісу |
0 |
0 |
0 |
50,050 |
50,050 |
100% |
Медеу |
1336,610
|
1198,91 |
89,7% |
190,150
|
190,150
|
100% |
Наурызбай |
145,00 |
145,00 |
100% |
9,716 |
9,716 |
100% |
Турксіб |
140,00 |
140,00 |
100% |
46,100 |
46,100 |
100% |
Барлығы |
1904,924га |
1767,224 |
92,7% |
519,616 га |
512,016 га |
98,5% |
Алмалы ауданында 1 қалалық саябақ өңделмеген, себебі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Медеу ауданының орманды алқаптарында жұмыс жалғасуда.
Кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын Алматы қаласы бойынша «Дезинфекциялық орталық» филиалы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарының тікелей бақылауымен жүргізеді.
«Дезинфекция орталығы» филиалының мәліметінше, кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 дезинфекциялық бригада құрылды.
№ 1 бригада – құрамында 8 адам, Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарының орман саябақтарында және Бостандық ауданының қалалық саябақтарында және Түрксіб ауданының 1 қалалық саябағында жұмыс істейді;
№ 2 бригада – құрамында 15 адам, Бостандық ауданынан басқа қаланың 7 ауданындағы қалалық саябақтар мен скверлерде жұмыс істейді.
Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін дезинфекциялық бригадалар қажетті құрал-жабдықтармен, көліктермен және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған. №1 бригада 8 ыстық тұманды термогенератормен, 2 мотопортпен жабдықталған. №2 бригада 2 мотопортпен, 15гидропульт-бүріккіштермен (5-6л) жабдықталған.4 автокөлікпен жабдықталған: 2 көлік дезинсекциялық препараттар мен құрал жабдықтарды тасымалдауға, 2 көлік мамандарды тасымалдауға арналған.
Мамандар жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген: қорғаныш комбинезондары – 52 дана, бір рет қолданылатын костюмдер – 1700 дана, резеңке етік – 50 дана, көзілдірік – 47 дана, респираторлар – 40 дана.
Кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жүргізу үшін «Фаворит В.К.Е.» акарицидтік препаратының 0,4% жұмыс ерітіндісі қолданылады.Жұмыс ерітіндісі осы препараттың бекітілген нұсқаулығына сәйкес дайындалады. Бұл Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген препарат (4-ші қауіптілік класына жатады– адам денсаулығына (үй жануарларына) қауіптілігі төмен).
Дезинсекциялық өңдеуге қатысатын барлық мамандарға нұсқаулық берілді (препарттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары, алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары, залалсыздандыру әдістері мен ережелері және т.б.) және барлығы кене энцефалитіне қарсы вакцинация мен ревакцинация алды.
Өңдеу жұмыстары негізінен таңертеңгі уақытта жүзеге асырылады. Өңделетін аумақтардың шекараларында «Кенеге қарсы өңдең жұмыстары жүргізілуде!» деген ескерту белгілері бар тақталар орнатылды.
Орманды алқаптар мен қалалық саябақтар, алаңдар аумақтарын кенеге қарсы өңдеу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарының тікелей бақылауымен жүргізіледі. Департаменттің бұйрығымен кенелерге қарсы жүргізілетін өңдеу жұмыстарының тиімділігіне бақылау орнату мақсатында мониторинг тобы құрылды, оның мақсаты орман алқаптарын, қала саябақтары мен алаңдарын өңдегенге дейін және өңдегеннен кейін табылған кенелердің санын анықтау, жұмыс ерітінділерін дайындау мен пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізу болып табылады.
Кене энцефалитінің алдын алу мақсатында қалада кене тістеуден зардап шеккен адамдарға шұғыл көмек көрсететін 5 серопрофилактикалық пункті (травматологиялық бөлімшелер) жұмыс істейді: Орталық қалалық клиникалық аурухана, №4 қалалық клиникалық аурухана, №7 қалалық клиникалық аурухана, жедел медициналық жәрдем көрсететін ауруханасы қаланың ересек тұрғындарына қызмет көрсетеді. Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығы қаланың барлық аудандарының балаларына қызмет көрсетеді. Серопрофилактикалық пункттер кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинмен қамтамасыз етілген, қазіргі уақытта 16502 мл бар.