AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда жауын-шашын суы кәдеге жаратылмақ

Алматыда жауын-шашын суы кәдеге жаратылмақ

Өмір-өзен 27.01.2023, 13:00 1,941
Алматыда жауын-шашын суы кәдеге жаратылмақ
Сурет: Ашық дереккөз

Экологиялық өзгерістерге байланысты Алматының жасыл кеңістігі нашарлаған.


Бүгін Алматыда мегаполистің бас жоспарын талқылаудың үшінші күні өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Жиын барысында «Эко Алматы» ЖШС директоры, жасыл кеңістік бойынша сарапшы Ақбота Мырзалиева Алматыда кейінгі жылдары қаланың жасыл кеңістігі нашарлап кеткенін айтты.



«Соңғы жылдары әлем бойынша экологиялық өзгерістерге байланысты Алматының жасыл кеңістігі нашарлаған. Сондай-ақ, жасыл кеңістікті күтіп ұстаудағы біздің бұрынғы әдісіміз өз маңыздылығын жойды. Осыған байланысты жаңа технологияны қолданып, қалаға жауын-шашын мол жауатынын ескеруіміз қажет. Ол бойынша қазір бағдарлама әзірлену үстінде. Сол арқылы қалаға түсетін мол жауын-шашынды біз жасыл кеңістіктерді суғару үшін де пайдаланатын боламыз», - деді Ақбота Мырзалиева.



Оның айтуынша, қазіргі таңда Алматыда арық жүйлерінің тек 11%-ғана жұмыс істеп тұр.



«Алматыда өзінің арық жүйесі бар. Алайда, бүгінгі күні оның тек 11%-ы ғана істеп тұр. Дегенмен, қазір жаңа арық жүйелерін, каналдар, магистарльдық каналдарды салу, қайта салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі жақсы, себебі қаланың жасыл кеңістігі сапалы суғаруға байланысты. Мен бүгінгі талқылауда осы мәселелер талқыланып, шешімін тауып жатқанына қуаныштымын», - деді сарапшы.



Ол Алматыда тұрғындар санына қарай жасыл кеңістік аумағы дұрыс бөлінбегенін айтты.



«Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикасы бойынша бір адамға 30-50 шаршы метр жасыл кеңістік қажет. Біздің еліміздегі нормалар бойынша - бір адамға 10 шаршы метр. Дегенмен, Алматыда бұл нормалар сақталмайды. Себебі, қаланың әр ауданында бұл сандар әртүрлі. Мысалы, Медеу ауданында бір адамға 17 шаршы метр, Алатау ауданында 5-7 шаршы метр деп есептеледі. Демек, бізде бір адамға жасыл кеңстіктер дұрыс бөлінбеген. Меніңше, бұл мәселені жаңа саябақ, сквер, рекреациялық аумақтарды салу, су бульвары, су қоймасы, өзен арналары, автожолдардың бойын абаттандыру арқылы шеше аламыз деп ойлаймын», - деді ол.



Еске салайық, Алматыда қаланың жаңа бас жоспарын талқылау 25 қаңтарда басталған болатын. Басты мақсат – қаланың барлық ауданында жайлы орта құру және өмір сүру сапасын арттыру болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жауын суы #Экология #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);