ffin.kz

 Алматыда ғылыми-өндірістік орталықтың тұсауы кесілді

 Алматыда ғылыми-өндірістік орталықтың тұсауы кесілді Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Биыл қазақ білімінің қарашаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл толып отыр. Сонау 1934 жылдың 15 қаңтарында қабырғасы қаланған оқу ордасы осынау атаулы күнге орайластырып, өзінің мерейтойлық іс-шараларын бастап та кетті. Жыл бойы тойланатын мерейтойлық іс-шаралардың алғашқысы – университет базасында химиялық гальваникалық қаптамалар шығаратын Chemical Coating innovations ғылыми-өндірістік орталықтың тұсауы кесілді.



Орталықтың ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ҚР Ғылым және жоғары білім ви­це-министрі Дархан Ахмед-Заки, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – ректоры Жан­сейіт Түймебаев, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен ғалымдары қатысты.



Аталмыш жоба ҚР ҒЖБМ Ғылым қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асып отыр. Мұнда оқу ордасының ғалым­дары машина жасау және техникалық құрал жасау қажеттілік­тері үшін, сондай-ақ кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдарды өңдеп, арнайы гальваникалық қаптамалар шығарумен айна­лысатын болады. Орталықтың ашылу салтанатына жиналғандар алдымен өндірісті аралап, оның материалдық-техникалық базасымен танысты. Жаңа жобаның жетекшісі Алина Ғалиева қонақтар­ға ғылыми-өндірістік орталық туралы айтып, кеңінен таныс­тырды.



Мерейтойдың ашылу салтанатына арнайы келген Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки уни­верситет ғалымдарының атқарып отырған жұмысына жоғары баға беріп, отандық ғылымды өркендету үшін заманауи өндірістерді дамытудың аса маңызды екенін жеткізді.



Өз кезегінде ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев орта­лықтың маңызы туралы айта келе, «ҚазҰУ-да дайындалатын гальваникалық қаптамалар өнімнің қызмет ету мерзімін ұзартады. Яғни бұл өндірушіге де, тұтынушыға да пайдалы. Бұл ең алдымен – тат басудан қорғаудың жаңа әрі тиімді әдісі. Сондай-ақ, жаңа орталық өндіріс технологі және опе­раторы мамандарын даярлайды», – деп атап өтті.




Осынау жобаның басы-қасында жүрген «Chemical Coating innovations» ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі Али­на Ғалиева қонақтарға бұл жүйенің тиімділігі туралы баяндай келе: «Бүгінде елімізде электрохимиялық қаптамаларды жасау жұмысы қарқынды дамып жатыр деп айта алмай­мыз. Өйткені, осы күнге дейін мұндай ғылыми-өндірістік орталықтар болған жоқ. Электрохимиялық қаптамалардың қасиеті мен құны өте тиімді және тәжірибеде берік бола­ды. Қазіргі уақытта біздің орталықта мырыштау, никель­мен қаптау және мыс өңдеу желілері орналасқан қойма бар. Өндіріс жылына он мыңдаған шаршы метр қаптамалар алуға мүмкіндік береді», – деді.



Жаңадан ашылған орталық мамандары алдағы уақытта әртүрлі агрессивті ортадан қорғайтын қаптамаларды алу және қолдану технологияларын әзірлеуді де жоспарлап отыр.


Сонымен, аталмыш жобаны іске асыру өнеркәсіп секто­рының нақты сұранысына негізделіп отыр. Мәселен, темір­жол саласының алпауыты саналатын француздық ALSTOM компаниясының технологиясы бойынша теміржол автомати­касын шығаратын машина жасау зауыты – «ҚазЭлектроПри­вод» БК ЖШС халықаралық стандарттарға сәйкес қаптала­тын қорғау қаптамаларын алу технологиялары мен қызметтерін қажет етеді. Осы сұраныстарға орай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да электрохимиялық технологиялардың тұтас жүйесі әзірленіп, олардың ішінде әртүрлі мақсаттағы электролиттік қаптамаларды алу технологиялары коммерция­ландыруға ұсынылатын болады


Жаңа орталықтың ашылу салтанатынан соң, оқу ордасы­ның әл-Фараби кітапханасында мерейтойдың ресми бөлімі басталды. Қонақтар мен оқу ордасының түлектері университет тарихына арналған сирек фотосуреттер мен кітаптардың көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, университеттің 90 жылды­ғына арналған кітаптардың экспозициясы ұсынылды.


Алдымен қонақтар қарашаңырақтың қалыптасу дәуірінен сыр шертетін шежіреге толы деректі фильмді тамашалады.


Алғашқы сөз кезегін алған Басқарма төрағасы, универси­тет ректоры Жансейіт Түймебаев тарихын тереңге тартқан білім мен ғылымның кені болған оқу ордасының осынау жылдар ішінде жүріп өткен жолы мен табысқа толы тарихы­нан сыр шертті. Оқу ордасының тәуелсіз еліміздің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқанын мақтанышпен атап өтті.


Келесі кезекте Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев университеттің еліміздің білім саласы үшін аса маңызды екенін айтып, оқу ордасының ұжымын айтулы мерейтоймен құттықтады.


Мерейтой салтанатына жиналғандар үлкен экраннан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің видео- құттықтауын тыңдады.


Осынау жылдар бойы қарашаңырақ қабырғасында еңбек етіп, еліміздің білімі мен ғылымына өлшеусіз үлес қосқан университет оқытушылары «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін», Ы.Ал­тынсарин төсбелгілерімен, сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен, Алғыс ха­тымен және оқу ордасының ең жоғары марапаты «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.


Осынау оқу ордасының мыңдаған түлектерінің ыстық ықыласын ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының төрағасы Қай­рат Мәми жеткізді.



Университеттің мерейтойына арналған салтанатты жиын соңы студенттердің концертіне ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49