Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар ф...

Алматыда Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумы өтті

Әлеумет 03.10.2022, 14:00 1,428
Алматыда Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумы өтті
Сурет: 24.kz

«Қара алтынды» басқаруда жаңашыл көзқарас, тың идеялар керек


Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумына 29 елден 700-тен аса делегат қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24». 


Жиын нәтижесінде Алматы декларациясы қабылданды. Сонымен қатар форумда Қазақстан-Британ техникалық университеті әлемдегі техникалық университеттер үшін білім беру хабына айналады деген шешім қабылданды. Болашақта мұнай-газ өндірісінде жоғары технологиялардың маңыздылығы бүгінгіден де күшейе түседі. Бұл – ІТ мамандарға сұраныс артады деген сөз. Сондықтан жастар цифрлық технологияларды жетік меңгергені абзал. Дүниежүзілік мұнай кеңесінің жастар форумы да осы өзекті мәселені қаузады. Жиынға қатысқан студенттер мен жас мамандар мұнай-газ саласының көшбасшыларымен, сарапшыларымен пікір алмасып, ой бөлісті. 



«Бұл конференцияның басты бағыты – жастарға көңіл бөлу. Өйткені мұнай-газ саласында жас мамандардың алатын орны ерекше. Мұнай саласының болашағы үшін жастардың біліктілігі өте маңызды. «Қара алтынды» басқаруда жаңашыл көзқарас, тың идеялар керек», - дейді ДМК Канада ұлттық комитетінің вице-төрағасы Дин Такер.  



Форумға қатысушылар мұнай-газ саласындағы стратегиялық мәселелерді шешудегі тәжірибелерімен бөлісті. Ең озық жетістіктерді талдап, энергетика саласындағы өзгерістерді жеделдету үшін тың тәсілдер іздеу қажеттілігіне басымдық берді. Жиын соңында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің жаңа стратегиясы қабылданды. 



«Дүниежүзілік мұнай кеңесінің стратегиясы соңғы 40 жылда өзгерген жоқ. Ал бүгін көпжылдық құжат қайта қаралып, Алматы декларациясы қабылданды. Жаңа құжат – ынтымақтастықты дамытуға, жаңа деңгейдегі мамандар даярлауға, ақпарат алмасуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді», - дейді ҚБТУ ректоры Маратбек Габдуллин.



Дүниежүзілік мұнай кеңесі – мұнай-газ саласындағы негізгі мәселелерді талқылауға арналған халықаралық форум. Ол 1933 жылы Лондонда құрылған. Кеңеске әлемнің 70 елі кіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #мұнай #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Бүгін 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Бүгін 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Бүгін 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика