Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бер...

Алматыда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша беріктік қоры сақталуда

Медицина 29.11.2021, 12:36 1,709
Алматыда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша беріктік қоры сақталуда
Сурет: интернеттен

Бүгінгі таңда стационарларда 2 209 мың дәрі-дәрмек бар. Бұдан басқа, 736 мың көлемде дәрілік заттарды (ДЗ) жеткізу күтілуде. Қала емханаларында 299 мың ДЗ бар, қосымша 199 мың ДЗ түсу күтілуде.


Алматы қаласының әкімдігі апта сайын қалалық стационарлардың, емханалар мен дәріханалардың дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен (ММБ) және жеке қорғану құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізеді. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияны емдеуде сұранысқа ие дәрі-дәрмектер барлық дәріханаларда бар. Қамтамасыз ету 85-90%-ды құрайды, дәріханалардың қалдықтарында 1,3 млн.сұранысқа ие препараттар бар.



Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен 2020 жылғы шілде мен 2021 жылғы қыркүйек аралығында Алматыға жоспарланған 40 млн. ДЗ мен ММБ-дан 58,8 млн. әкелінді, 43,6 млн. іске асырылды. Бұл ретте 8 млн мөлшерінде төмендетілмейтін қалдық сақталды. Айта кету керек, қаланың медициналық ұйымдары, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ірі көтерме жеткізушілері, сондай-ақ қаланың бөлшек сауда желілері 2020 жылғы тәжірибені ескере отырып, сұраныстың ықтимал өсуіне алдын-ала дайындалып, өз қоймаларында қорлар қалыптастырады.



ДЗ және ММБ тұрақтандыру қоры жұмысының оң тәжірибесін, тұрғындарды вакциналау деңгейін және қаланың фармацевтикалық компанияларында ДЗ және ММБ қорларының болуын ескере отырып, Алматы әкімдігі айналым схемасы бойынша 3,75 млн бірлік мөлшерінде төмендетілмейтін қорды сақтай отырып, кемінде 9.2 млн бірлік ДЗ және ММБ жеткізу үшін 2,77 млрд теңге бөлді. Осылайша, қалада екі айлық беріктік қоры сақталады, бұл ҚР ДСМ талаптарына сәйкес келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрі #қор #дәріхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23

Алматы қаласының Ботаникалық бағында танымдық эко-тренинг өтті

Бүгін 17:18

Мобильді аударымдар тексеріледі: нені білу керек?

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика