Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда бірінші компонентпен 755 000 тұрғын, екін...

Алматыда бірінші компонентпен 755 000 тұрғын, екіншісімен 560 000 адам вакциналанды

Медицина 06.08.2021, 17:27 1,622
Алматыда бірінші компонентпен 755 000 тұрғын, екіншісімен 560 000 адам вакциналанды
Сурет: Facebook.com

Қаладағы жағдай ушығып тұр, тәулігіне 1500-ден астам жағдай тіркелуде.


Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыда коронавирустық инфекциясын жұқтырған науқастарды ауруханаға жатқызу және вакциналау жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz


Спикердің айтуынша, қаладағы жағдай ушығып тұр, тәулігіне 1500-ден астам жағдай тіркелуде, сәйкесінше ауруханаға жатқызу саны да артуда.



«Дельта» штамының ерекшелігі – оның тез жұғатындығында және науқастың жағдайының тез нашарлап, көбінесе науқастың ауруханаға түсуінде. Тағы бір ерекшелік – бұл жастарға тез жұғады. Бүгінде қалалық стационарлардағы 40 жасқа дейінгі жастар 23%-ды құрайды. Сонымен қатар, 200-ден астам бала ауруханаға жатқызылды», - деп атап өтті Нариман Табынбаев.



Ол үй карантинінде 10 888 науқастың жатқанын, олардың 1600-і 14 жасқа дейінгі балалар екенін айтты. Стационарларда 5 156 адам ем алуда. Қазіргі кезде стационарлардың жүктемесі  шамамен 67%-ды құрайды. Аса ауыр жайдағы науқастар саны - 190 адам, ауыр жағдайда - 1 368 адам, реанимацияда жатқандар – 385 адам .



«Өздеріңіз білесіздер, Алматы стационарлары 3 эшелонға бөлінген. Біріншісінде 3 950 төсек-орын, екіншісінде 1995, үшіншісінде – 1100 төсек-орын бар. Егер қаңтар мен ақпанда орта есеппен 30-40 науқас ауруханаға жатқызылса, қазір 700 адам қабылдануда, бұл 23 есеге көп. Мұның барлығы салыстырмалы түрде жағдайдың ушығып тұрғанын көрсетеді, науқастар ауруханаға жаппай жатқызылуда. Егер бұрын журналистер "Неге ауруханалар жартылай бос тұр?" деп сұрақ қойса, қазір олар үнемі "Неге орындар жетіспейді?" деп сұрайды», - деді Алматы ҚДБ басшысы.



Нариман Табынбаевтың айтуынша, мұның бәрі қаланың емдеу мекемелерінің инфрақұрылымына, медицина қызметкерлеріне үлкен жүктеме түсіреді. КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеуге көп қаражат бөлінеді – дәрі-дәрмектерге, стационарлық күтімге, ПТР-тестілерге және әртүрлі тексерулерге. Кейде мұның бәрі жедел жәрдемнің кешігуіне әкелуі мүмкін. Күн сайын жедел жәрдемді КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 35%-ы шақырады. Ауруханалардың «қарбалас кезі» - сағат 12-ден 14-ке дейін және сағат 20-дан 22-ге дейінгі аралықта 130 пациент жеткізіледі.



«Коронавируспен күрестің басты тәсілі вакциналау болып қала береді. Қалада 755 мың азаматқа бірінші компонент салынды, бұл жоспарланған көлемнің 60%-ын құрайды. Вакцинаның екінші компонентін 560 мың алматылық қабылдады. Қалада вакциналардың жеткілікті саны бар екенін атап өткім келеді: Спутник-V 12 848 доза, қазақстандық вакцинаның 1600 дозасы. Күн сайын 7-8 мың қала тұрғынына бірінші компонентпен, ал екінші компонентпен 12-13 мың адамға дейін вакциналанады», - деді Нариман Табынбаев.



Алматының ҚДБ басшысы алматылықтарды қаладағы жаппай вакциналау науқанын қолдауға шақырды. Ол вакциналанған адамдардың КВИ жұқтыру ықтималдығы бірнеше есе аз болатынын және олар ауруды жеңілдететінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #кви #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика