ffin.kz

Алматыда бедеулік тақырыбы халықаралық деңгейде талқыланды

Алматыда бедеулік тақырыбы халықаралық деңгейде талқыланды Almaty-akshamy.kz

Алматыда денсаулық сақтау саласындағы бүгінгі  күннің маңызды мәселесін қаузаған Қазақстан репродуктивті медицинасының XVI Халықаралық конгресі өтті.

Бұл жолғы конгресс қатысушылар саны жағынан рекордық көрсеткішке жетті дейді сарапшылар. 23 елден 700-ден астам делегат бас қосып, 5000-нан астам адам онлайн-режимде қатысты. 19 елден келген спикерлер баяндама жасады. Олар қазақстандық әріптестерімен бірге бедеулікті емдеу әдістері мен қолжетімділігін талқылады. Мамандардың айтуынша, бұл олардың озық тәжірибемен және соңғы ғылыми жетістіктермен бөлісіп, Қазақстанда және шетелде репродуктивті денсаулық мәселелерін шешудің жаңа әдістерін талқылауға бірегей мүмкіндік болды.

Конгресс дәстүрлі түрде Қазақстанның және әлемнің жетекші мамандарының басын біріктірді. Олар Қазақстан халқының бедеулік және репродуктивті денсаулығына қатысты маңызды мәселелерді қайта көтеріп, экстракорпоралдық ұрықтандыруды (ЭҚҰ) қоса алғанда, қосалқы репродуктивтік технологиялардың (ҚРТ) қолжетімділік мәселелерін талқылады. Конгресске қазақстандық және шетелдік қатысушыларға баяндамаларын ұсынуға мүмкіндік берілді.

Конгресстің жұмысына еліміздің жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарының басшылары, акушер-гинеколог дәрігерлер, ЭҚҰ орталықтарының өкілдері, бедеулікті емдейтін андрологтар, эндокринологтар, эмбриологтар, хирургтар, генетиктер және молекулалық биологтар – Қазақстанның, Грузияның, Ресейдің, Беларусьтің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, АҚШ-тың, Сербияның, Израильдің, Италияның, Германияның, Түркияның және Румынияның жетекші мамандары қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Репродуктивті медицина қауымдастығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. Қазақстан Репродуктивті медицина қауымдастығы (КАРМ) 2008 жылы 2 қазанда ТМД және Еуропа елдеріндегі қауымдастықтар үлгісімен құрылған. Қауымдастық акушер-гинекологтарды, андрологтарды, эмбриологтарды, генетиктерді, психологтарды және бедеулік мәселесімен айналысатын мамандарды біріктіреді. КАРМ – Адам репродукциясы жөніндегі Еуропалық консорциумның қауымдастырылған мүшесі.

Конгресс аясында ҚРТ эмбриологиясының өзекті мәселелері, акушерлік және гинекология бойынша Қазақстан, Израиль, Португалия, Италия, Ресей, Беларусь, Жапония, Грузия және Үндістан мамандарының қатысуымен шеберлік сыныптары өткізілді.

Конференция тақырыбының өзектілігі бедеулік мәселесінің медициналық-әлеуметтік маңызы зор болуымен байланысты. Мұны шешу еліміздегі демографиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ түрлі себептермен бала сүйе алмай жүрген пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Заманауи диагностика әдістері бедеуліктің негізгі себептерін нақты анықтауға және оны емдеу әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Бедеуліктің шамамен 40%-ы ерлердің репродуктивтік жүйесінің патологиясымен байланысты болса, 30%-ында аралас бедеулік (ерлер және әйелдер бедеулігі) байқалады.

Конгресс президенті – КАРМ президенті, ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д. Вячеслав Локшиннің айтуынша, ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулық мәселесі бұрынғыдан да өзекті. Профессор Локшин Қазақстанда бедеулік пен репродуктивтік жүйенің басқа да бұзылыстарының жиілігі төмендемей отырғанын атап өтті.

«Алғашқы жылдары аборт саны айтарлықтай төмендегенімен, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш тұрақты және көпшілік контрацепцияны жеткілікті түрде қолданбайды. Сондықтан бедеулік деңгейі 16-17% деңгейінде сақталуда. Ерлер бедеулігі, әйелдер бедеулігінің себептері арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан болатын қабыну аурулары, аборттар және басқа да факторлар бар», - деді Вячеслав Нотанович.

Профессор репродуктивтік жүйенің бұзылуын болдырмау мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Жыныстық тәртіптілікті сақтау, ерте диагноз қою, отбасын дұрыс жоспарлау, антивирус гормонын тексеру қажеттігін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30