Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет /  Алматы тәжірибесі: коммуникацияның тиімді үлгісі

 Алматы тәжірибесі: коммуникацияның тиімді үлгісі

Әлеумет 26.01.2025, 10:50 890
 Алматы тәжірибесі: коммуникацияның тиімді үлгісі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Саясатта халықпен қарым-қа­тынасқа ерекше мән беріледі. Қандай саяси режим болма­сын коммуникация маңызды болып саналады. Тек әр ре­жимде коммуникация өзінше жүргізіледі. Өзге елдер секілді Қазақстанда да өзіндік саяси коммуникация моделі қалып­тасуда. Бұл бағытта жетістік­теріміз бар. Соның бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Бұл тұжы­рымдаманы жүзеге асыру арқылы орталық және жергілікті атқарушы органдар халықпен тікелей қарым-қа­тынас моделін жетілдіруде. Мұнда, әсіресе, Алматы қала­сын ерекше атап өтуге болады.

 

 Серпін берген жыл

• «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы өмір­шең екенін уақыттың өзі көрсетуде.

Әрине, бұл тұжырымдаманы жүзе­ге асыру ұзақ уақыт пен саяси жігерді

 талап етеді. Себебі, ұзақ жыл бойы қа­лыптасқан саяси құндылықтарды заман талабына сай өзгерту оңай шаруа емес. Кейбір құндылықтардың тамыры тіпті кеңестік жүйеге келіп тіреледі.

Аталмыш тұжырымдаманы Мемле­кет басшысы 2019 жылы ұсынған еді. Содан бері 5 жыл өтті. 2022 жылға дейін оны жүзеге асыруға түрлі қо­ғамдық-саяси процестер жол бермеді. Бұл қандай процестер деген сұраққа Президент былтырғы және биылғы сұхбатында егжей-тегжейлі айтып берді.

2022 жылдан бері қарай жасалған өзгеріс­терге тоқталайық.

Халықпен кім тікелей коммуникация жасайды? Әрине, әкімдер. Сондықтан Президент 2022 жылы 3 наурызда «Әкім­дердің халықпен кездесулерін өткізу тура­лы» Жарлыққа қол қойды. Жарлықта әкімдерге мынадай міндеттер жүктелген:

• Барлық деңгейдегі әкімдер халықпен жыл бойы кездесу өткізуі тиіс;

• Кездесулерде халық көтеретін әлеу­меттік мәселелерге назар аударылуы тиіс;

• Елімізді жаңғыртудың жаңа бағдары­ның негізгі бағыттары туралы хабардар ету;

• Проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіруі тиіс.

Жарлыққа сәйкес республикалық маңызы бар қала әкімдері бір жылда әр ауданда кемін­де бір рет көшпелі кездесу өткізуі тиіс. Алма­ты қаласында 8 аудан бар. Демек, қала әкімі жылына кемінде 8 кездесу өткізуі тиіс. 

Қала әкімі қанша  кездесу өткізді?

• 2022 жылы 29 наурызда қала мәсли­хатының шешімімен Алматы қаласы әкімі мен аудан әкімдерінің халықпен кез­десу кестесі бекітілді.

Кестеге сәйкес қала әкімі әр тоқсанда 8 кездесу өткізді. Осылайша жыл соңына дейін 24 рет халықпен кездесті. Ал аудан әкімдері айына 1 рет аудан тұрғындарымен кездесу өткізген. Яғни шаһар басшысы 2022 жылдың соңына дейін 24 кездесу өткен.

2023 жылы халықпен кездесу саны артты. Осылайша Ерболат Досаев 1 жыл ішінде 32 кездесу өткізген. Яғни әр аудан тұрғындары­мен 4 реттен кездесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Ал 2024 жылы қала­басы тұрғындармен 16 рет кездесті. Осы тұста «кездесу саны не үшін азайды?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Оған екі себеп бар.

Біріншіден, 2023 жылы Президенттің жоғарыдағы Жарлығына өзгеріс енгізілген. Сол өзгеріске сәйкес жылына кемінде бір рет қаланың әр аудан тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізуі тиіс. Бұған дейін әр тоқсан сайын еді.

Екіншіден, жыл өткен сайын кездесуде көтерілетін мәселелер саны азайды. Басым көпшілігі 2022-2023 жылдары шешімін тап­ты. Мұны кездесулерге қатысатын тұрғын­дардың санынан көруге болады. Егер мұқият қарайтын болсақ, кездесулерге қатысатын тұрғындардың саны әр жыл сайын азайғанын байқаймыз. Бұл қала әкімдігінің халықпен коммуникациясының тиімділігін көрсетеді.

Бұдан бөлек, барлық кездесулер тікелей эфирде көрсетілетінін атап өткен жөн. Сонымен қатар, кездесулердің қа­лай өткенін кейін де кө­руге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ерболат Досаев #халық #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01

Алматы lifestyle-туризм бағыты ретінде мәртебесін нығайтып келеді

Бүгін 10:49

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика