Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік...

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша шаралар қабылдануда

Әлеумет 04.03.2022, 13:01 1,645
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша шаралар қабылдануда
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қаланың 7 негізгі базарында әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді.


ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс ерекше бақылауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Айналым» қарыздары аясында «Магнум» және «Тоймарт» сауда желілеріне, «Алсад» жұмыртқа өндіру зауытына, «Асыл Ет» сиыр етін өндірушілерге жеңілдікті қарыздар берілді, олардың сөрелерінде ӘМАТ-тың 19 атауына 36,5 мың тонна көлемінде баға белгілеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта «Тоймарт» сауда желісімен қарыз шартын ұзарту пысықталуда.




Бұдан бөлек, маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін форвардтық сатып алу шеңберінде «Магнум» сауда желісінде 22 мың тонна көкөніс сату жүргізілуде. «Тоймарт» желісінде ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін 380 тонна картоп, сондай-ақ 300 тонна пияз белгіленген бағамен сатылады.



Қаланың 7 негізгі базарында («Көк базар», «Жаңа Ақбұлақ» көтерме сауда кешені, «Сары-Арқа», «Тастақ», «Таусамалы», «Алматы-1», «Түрксіб» жәрмеңкесі) әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді, онда ӘМАТ-тың 10 атауы (картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат, қант, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, күріш, мүйіз, ұн) төмендетілген бағамен сатылады, бұл сатушылар арасында бәсекелестік орта қалыптастырады.


Көкөніс әлеуметтік дүкендерінің үлгісі бойынша 7 базарда («Жұлдыз», «Орбита», «Таусамалы», «Арыстан», «Тастақ», «Барыс-4», «Түрксіб жәрмеңкесі») ет дүкендері іске қосылды. Бүгінгі таңда халық тарапынан ет өнімдеріне сұраныстың артуы байқалады, соның есебінен ет дүкендерінде сиыр етін сату күніне 1 тоннадан 4 тоннаға дейін өсті.


Қаланың сауда нүктелеріне төмен бағамен сөрелерге тікелей жеткізу үшін ӘМАТ өндірушілерімен 19 меморандум жасалды.



Үй жанындағы дүкендер сөрелерінде өнім тапшылығын болдырмау, сондай-ақ бағаны тежеу мақсатында бакалея өнімдерін (күріш, күнбағыс майы, 1-сұрыпты ұн, қарақұмық жармасы, қант) өндірушілерден тікелей төмен бағамен жеткізу ұйымдастырылған.




Апта сайын Алматы қаласының 5 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық, Алатау, Әуезов) демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкелері өткізіледі. Оған Алматы облысының жақын аудандарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады.


«Алматы қаласы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментімен» бірлесіп ӘМАТ-қа сауда үстемесінің 15% сақталуын бақылау бойынша жұмыс жолға қойылды.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп «Алтын орда» көтерме сауда базарында тәртіп орнату жұмыстары жүргізілуде. Осы нарықта бірқатар делдалдық схемаларды алып тастау нәтижесінде көкөніс, ет өнімдері мен жемістер бағасының төмендеуі күтілуде.



«Алтын орда» көтерме сауда базарында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ұқсас, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Азық-түлік тауарларының баға белгілеу тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссия құрылды, ол бағаны негізсіз көтеру фактілері анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдай отырып, сауда объектілерінде баға белгілеуге тексеру жүргізетін болады.



ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс ерекше бақылауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #азық #әлеумет #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика