AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы жұрты Мұрат Әуезовті еске алды

Алматы жұрты Мұрат Әуезовті еске алды

Өмір-өзен 21.07.2024, 15:23 1,501
Алматы жұрты Мұрат Әуезовті еске алды
Қайрат Қоныспаев

Қаламыздағы Қабылдау үйінде көрнекті жазушы, мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің өмірден озғанына 40 күн толуына орай ас берілді. 

Жиынға еліміздің әр өңірінен лауазымды тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жазушының туыстары мен әріптестері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақ мәдениеті мен әдебиетіне еңбегі сіңген жазушының қайтыс болуына қырық күн толуына орай өткен қонақасыда Мұрат Әуезовтің адами қасиеттері мен шығармашылығы туралы жүрекжарды естеліктер мен қимас сөздер айтылды.

Атап айтқанда, жазушы Дулат Исабеков, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Амантай қажы Хантемірұлы, т.б. жазушының көзін көрген, қызметтес болған қоғам зиялылары Мұрат Мұхтарұлының әдеби-рухани мұрасымен қатар қайраткерлігін де айтып өтті.

Еске алу жиыны ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтің хатын оқудан басталды. Хатта Мұрат Әуезовтің Қазақстан мәдениеті мен тарихын сақтау мен дамытудағы орасан зор рөлі туралы жазылған.

«Мұрат Әуезов қазақ мәдениетіне, руханиятына дегдарлықты, даралық пен даналықты  алып келген адам. Оқуы да, тоқуы да, ізденісі де ерекше болды. Ең бастысы, елі мен жерін, өзінің халқын сүюдің жарқын үлгісін көрсетіп кетті. Халқын бар болмысымен сүйді. Себебі, ол ұлы әкенің рухани мейірімін көрген адам. Өмір бақи сол мейірімді өз халқына жұмсады. «Жас тұлпар» деген атақты ұйым болды. Ол заманда мұндай ұйым құру жүйеге қарсы шығумен тең еді. Соның барлығы кешегі Алаштың рухымен өскенінің арқасы. Билікке де, басқаға да ешқашан мойымаған адам. Тек қана елге бар болмысымен, білімімен еңбек етті. Кейінгі 60-жылдардағы буын Мұрат Әуезов, Төлен Әбдік, т.б. аға буынның тәрбиесін көрдік. Мұрат Мұхтарұлының салған сара жолы ешқашан өшпейді. Қазақ барда оның ілімі жасай береді», - деді жазушы Қали Сәрсенбай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұрат Әуезов #ас #зиялы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);