ffin.kz

Еліміздің 17 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды

Еліміздің 17 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды Сурет: интернеттен

Аптап ыстық, найзағай, жауын жауады деп болжанды.

Синоптиктер 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Ұлытау облысының бытысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупікүтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстік жартысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупісақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жанбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 22 шілдеде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43