Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы дәрігерлері мопедпен жүргенде абай болуды с...

Алматы дәрігерлері мопедпен жүргенде абай болуды сұрайды

Әлеумет 04.11.2024, 11:54 1,243
Алматы дәрігерлері мопедпен жүргенде абай болуды сұрайды
Қайрат Қоныспаев

Алматының №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының реаниматолог-дәрігері Гүлбану Бердиярова ата-аналар мен жасөспірімдерге шұғыл үндеу жолдайды. Мопедпен жүру ережелерін толыққанды білмей жатып тізгіндеуге болмайды дейді маман.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім-жітімге көбіне 15-29 жас аралығындағы жастар себепкер көрінеді. Дәлірек айтсақ, жылына 1,3 миллионнан астам адамның өмірі жол үстінде қиылады. Бұл санның едәуір бөлігі мотоцикл мен мопед мінгендердің үлесінде екендігі де жасырын емес. Гүлбан Бердиярованың айтуынша, мұндай тосын апаттар адам ғұмырын үзіп қана қоймай, жастардың және олардың жақындарының өмірін түбегейлі өзгертетін ауыр жарақаттарға әкеледі.

Дәрігер мопедімен бірге аударылып түскен 17 жастағы науқас туралы айтып берді. Жасөспірімнің екі жағынан да жамбас сүйектері (лонно-седальдық, мықын сүйектері) сынған. Сондай-ақ «беломыртқасының жабық қысу-сынуы, беломыртқасының бес артқы доғасы; оң жақтағы иықтың сынуы; іш мүшелерінің көгеруі; мембраналық бөліктегі несепағардың зақымдануы; уретраның жарақаттан кейінгі жыртылуы; 3-дәрежелі травматикалық шок, 2-дәрежелі постгеморрагиялық шок» деген диагноз қойылған.

Науқастың өмірін сақтау үшін дәрігерлер үш ота жасады. Жасөспірімнің беті екі айдан кейін ғана бері қарады. Бүгінгі күні жағдайы тұрақты. Ол екі жамбас буындарының дамыған контрактураларына және жамбас сүйектерінің шоғырланған бірнеше сынуына байланысты оңалтуды жалғастыруда. Науқасты уретраның жарылуына байланысты қуықтың тұтастығын қалпына келтіру үшін әлі де кезеңдік оталар күтіп тұр.

– Жақында бізге мопедпен келе жатып апатқа түскен 17 жастағы тағы бір науқас аса ауыр жағдайда жеткізілді. Оған үш емес, жеті ота жасалды. Алайда, дәрігерлер жұмсаған барлық күш-жігерге қарамастан, жасөспірімнің оң бүйрегін сақтай алмадық. Бозбаланың жағдайы тұрақтандырылды. Бірақ денсаулығы қалпына келуі үшін әлі ұзақ уақыт керек. Сондай-ақ оны психологтармен де жұмыс күтіп тұр.  Өкінішке орай, осындай жол апатынан зардап шеккен жастардың көбінде физикалық және психологиялық зардаптар өмір бойына қалады. Мопедтер мен самокаттарды жүргізетін жасөспірімдер осы бір көлік құралдарын басқаруға атүсті қарайтыны өкінішті. Олар қызуқандылықпен желігіп, қауіпті маневрлер жасаймыз деп, жазатайым оқиғаларға ұшырап жатады. Құрметті ата-аналар және жастар, мопед – ойыншық емес, оны да тізгіндеудің ережелерін білген абзал. Мопед апаттарының көбіне мүгедек ететінін есте ұстаған абзал, – дейді №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының реаниматолог-дәрігері Гүлбану Бердиярова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #Мопед
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика