AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлем жаппай жаһандық аңду дәуіріне аяқ басты

Әлем жаппай жаһандық аңду дәуіріне аяқ басты

Әлем 25.01.2025, 16:45 947
Әлем жаппай жаһандық аңду дәуіріне аяқ басты
Cурет: Islam.kz

Америка құрама штаттарының ұлттық контрбарлау және қауіпсіздік орталығы (NCSC) күллі әлем бойынша 100-ге тарта мемлекеттің мобилді құрылғыларды бұза алатын замануи тыңшылық бағдарламасын сатып алғанын хабарлады.

Бұл жайында islam.kz порталы securitylab ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Әрбірден соң мұндай бағдарламаны мемлекеттің өзі де, жекелеген тұлғалар да пайдалануға көшкен. Осыған байланысты тыңшылық бағдарламаларына сұраныс артып келеді. Бұған қоса, мұндай бағдарламалар кеңінен таралып, қол жеткізуге оңай құралға айналған. 

Кейбір бағдарламалар «plug and play» (“қосыл да жұмыс істей бер”) қағидаты бойынша жұмыс істейтіндіктен бопсалаушылар мен хакерлер (интернет қарақшылары) тарапынан да қызығушылық тудыруда. Израилдік NSO Group компаниясы әйгілі Pegasus spyware тыңшылық бағдарламасы бұл бизнестегі басты құралдардың біріне айналды. 2021 жылы АҚШ билігі NSO Group компаниясын журналистерге, азаматтық белсенділерге, дипломаттарға, лауазымды тұлғаларға тыңшылық жасау үшін қолданылған бағдарламалық жасақтаманы сатуды айыптап, қара тізімге алды. Дәл осы тізімге Intellexa және Cytrox бағдарламалары да кірген.

Осыған қарамастан аталмыш израилдік компания NSO Group технологиясының бүгінде терроризммен және өзге де ауыр қылмыстармен күресте көп көмегін тигізіп келе жатқандығын мәлімдеді. Бұдан бөлек, NSO Group өкілдері өздерінің жасақтамалық бағдарламасын арам мақсатына пайдаланғандарды анықтаса, ондай клиенттермен арадағы келісім-шартты бұзатынын атап өтті. NSO Group – нарықтағы жалғыз ойыншы емес, бүгінде мұндай құралдарды ұсынатын компаниялар жетіп артылады. Британияның ұлттық киберқауіпсіздік орталығы атап өткендей, мұндай технология өз кезегінде әзірленуіне бірнеше ондаған жылдар кететін түрлі технологияларға көптеген мемлекеттердің қол жеткізгенін келтірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаһандық аңду #Әлем #тыңшылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан Елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Бүгін 17:01

Қай банк зейнеткерлерге ипотека береді?

Бүгін 16:27

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін 15:45

Прокуратураның цифрлық трансформациясы: депутаттарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологиялары таныстырылды

Бүгін 15:36

Алматыда жас сарапшылардың мегаполисті дамытуға арналған талдамалық зерттеулері таныстырылды

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);