AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Активтерді қайтару мәселесімен айналысатын арнаулы...

Активтерді қайтару мәселесімен айналысатын арнаулы орган құрамына кімдер кіреді

Әлеумет 29.06.2023, 12:37 1,164
Активтерді қайтару мәселесімен айналысатын арнаулы орган құрамына кімдер кіреді
Сурет: ашық дереккөз

Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселесімен айналысатын арнаулы ведомствоның штаты қалай құрылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Ол бұл органның тезірек құрылуына мүдделі екенін айтты. Бірақ, бұл жерде осы ведомство жұмысының ерекшелігін ескеру қажет.



«Біз моральдық-этикалық нормалар тұрғысынан да, дайындық сапасы мен құзыреті жағынан да лайық мамандарды таңдауымыз керек. Осы заңның («Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы») орбитасына тартылатын субъектілер халықаралық консалтингтік, аудиторлық, заңгерлік компанияларды жалдауға мүмкіндігі бар ауқатты адамдар екенін түсінуіміз керек. Олар өте жақсы қорғалған. Бұл тұрғыда біздің жақтан да осындай жоғары деңгейдегі мамандар болуы керек. Сондықтан, жұмысқа қабылдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Осы орайда, жұмысқа алынатын қызметкерлерге қатысты қойылатын тиісті талаптарды әзірлеуге кірісіп жатырмыз», - деді Ұ. Байжанов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.



Оның айтуынша, штат 130-ға жуық адамнан құралуы мүмкін. Оның басым бөлігі немесе жартысы ауқымды деректермен жұмыс істейтін әрі деректерге талдау жүргізетін ақпараттық сараптама орталығында қызмет етеді.



«Тиісті анықтамалық жұмыстарды қамтып, сарапшылар мен мамандарды жұмылдырамыз. Өзімізге пайдалы болуы мүмкін барлық дереккөзді көтеріп, онда керек мәліметтерді зерттейміз», - деді Бас прокурордың орынбасары.



Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды мақұлдады. Заңда активтерді қайтарудың ерікті немесе мәжбүрлі тәртібі көзделген.


Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемделген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.


Бас прокуратураның құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады. Ол осы саладағы уәкілетті органның функцияларын орындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заңсыз #активтер #қайтару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

29 сәуірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:47

Қорғаныс министрі «Вечерний Алматы» газетін мерейтойымен құттықтады

Кеше 23:05

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Кеше 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика