AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Айдос Сарым: Елімізде тұтас сайлау жүйесі өзгеріп...

Айдос Сарым: Елімізде тұтас сайлау жүйесі өзгеріп жатыр

Жолдау 2023 12.09.2022, 07:52 2,004
Айдос Сарым: Елімізде тұтас сайлау жүйесі өзгеріп жатыр
ratel.kz

Бұрын аудандық мәслихат, қалалық мәслихаттар партиялық тізіммен сайланатын болса, алдағы сайлауда олардың барлығы жекелеген азаматтардың сайлауға түсуін қамтамасыз етеді.





Бұрын аудандық мәслихат, қалалық мәслихаттар партиялық тізіммен сайланатын болса, алдағы сайлауда олардың барлығы жекелеген азаматтардың сайлауға түсуін қамтамасыз етеді. Яғни партиялар емес, жеке тұлғалар өз ауданының, өз қаласының мәслихатына округ бойынша сайлауға түседі. Ал сайлаушылар өзінің депутатының кім екенін жақсы білетін болады. Парламентте бірінші оқылымда қабылданған заңға назар аударсаңыз, ішінде «Императивті мандат» ұғымы пайда болды. Демек, депутат өз сайлаушылары алдында тікелей жауап береді, сайлаушылардың сол депутатқа көңілі толмаса, сайлаушылармен араласпай кетсе, оны қайта шақыру мүмкіндігі заңда қарастырылған.



Сонымен бірге облыстар мен үш мегаполистің мәслихаттары Мәжіліс сияқты аралас жолмен сайланады. Олардың белгілі бір бөлігі партиялық тізіммен сайланады, осыған қарап облыс халқының қандай партияларды қалайтынын түсінуге болады.



Саяси партияларға тіркелмеген, халықтың арасынан шыққан азаматтар да билік ісіне араласуға мүмкіндік алады. Сондықтан биыл облыс және мегаполис әкімдерінен басқа әкімдердің 99 пайызы сайланады. Бұл билікті халыққа жақындатады, жергілікті биліктің, жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің болмысы мен табиғатын өзгертеді. Кей облыс немесе мегаполис әкімдері қазіргідей «жергілікті құдай» болмайды. Оның астындағы бүкіл билік тармағы сайланған, яғни сайлаушылардың үмітін, ойын, бағдарламасын іске асырушы болады. Яғни, облыс әкімінің немесе мегаполис әкімінің функционалы өзгереді, ол негізінен Президенттің немесе Үкіметтің жергілікті жердегі өкілі, республикалық заңнаманы іске асырушы, қадағалаушы және республикалық бюджеттен келетін субсидияларды, бағдарламаларды орындаушы, соны үйлестіруші болады.



Жер мәселесін алып қарасақ, көптеген жағдайда жергілікті жерлерді жекешелендіруге көмектескендер – аудан әкімдері. Ал ауыл әкімдерінің шабындық жерлердің картасын жасауға, игерлімей жатқан жерлерді қайтаруға құлқы жоқ. Өйткені ешкім басшысымен тайталасқа түскісі келмейді. Сондықтан саясаттанушы елге әкім мен бюджетті қадағалайтын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асрыруды талап ететін, күшті, ықпалды мәслихаттар қажет.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жолдау #сарым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);