AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда полицейлер сенбілікке шықты

Алматыда полицейлер сенбілікке шықты

Барлығы 13.09.2025, 12:55 679 dulatbekova
Алматыда полицейлер сенбілікке шықты
Сурет: Polisia.kz

Бүгін Алматы қаласы полиция департаментінің жеке құрамы Алмалы ауданының қақ ортасында орналасқан Мұқағали Мақатаев атындағы скверге кең ауқымды сенбілікке шықты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Бұл науқан республикалық “Таза Қазақстан” кампаниясы аясында өтіп, тек қана аумақты тазалау шарасы ғана емес, нағыз тазалық пен қалаға деген қамқорлықтың мерекесіне айналды. Полиция қызметкерлері шаһардың ең көркем бұрыштарының бірінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Осы күні полиция қызметкерлері ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыды. Сенбілікке қатысушылар мен қала тұрғындарына алма салынған себеттер ұсынылып, полиция қызметкерлерінің көркемөнерпаздар концерті ұйымдастырылды. 

— Біз, Алматы полициясының қызметкерлері күн сайын қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Алайда туған қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесімізді қосу да маңызды. Мұндай сенбілік – бұл тек табиғатқа қамқорлық қана емес, сонымен қатар балаларымызға, жастарымызға және шаһар тұрғындарына үлгі боларлық іс, — деді Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров. 

Іс-шара барлық қатысушылардың естелік суретке түсуімен, жылы атмосферамен және қала тұрғындарының шынайы алғыстарымен аяқталды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полицейлер #тазалық #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);