AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Халықтың қауіпсіздігін арттыру мақсатында кезекші...

Халықтың қауіпсіздігін арттыру мақсатында кезекші қызметтердің жұмысын үйлестірудің жаңа ережелері бекітілді

Әлеумет 13.09.2025, 11:08 653 dulatbekova
Халықтың қауіпсіздігін арттыру мақсатында кезекші қызметтердің жұмысын үйлестірудің жаңа ережелері бекітілді
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және аумағында бірыңғай кезекші-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттігін бекітіп, әділет органдарында тіркеді.

Бұл құжат азаматтық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жаңа редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Құжат БКДҚ басқармаларын, ІІМ полиция кезекші бөлімшелерін, жедел медициналық жәрдем мен санитарлық авиацияның диспетчерлік қызметтерді, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметтері, әуе кемелерін іздестіру және құтқару орталығын, коммуналдық апаттық қызметтер мен байланыс операторларының анықтама қызметтерін қоса алғанда бірыңғай кезекшілік және жедел қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді.

Барлық аталған құрылымдар төтенше жағдайларға, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерлерге жедел ден қою мақсатында тығыз үйлесімділікпен жұмыс істейді. Бұл ақпараттың жедел жеткізілуін, іс-қимылдардың келісімділігін және қажетті ресурстардың 112 бірыңғай нөмірі арқылы бағытталуын қамтамасыз етеді.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде БКДҚ басқармалары өзара іс-қимыл жасайтын барлық қызметтердің әрекеттерін үйлестіреді. Осы мақсатта олар мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған және өңірлердегі қолданыстағы байланыс инфрақұрылымын пайдаланады.

Өзара іс-қимыл үш негізгі режимде ұйымдастырылған: күнделікті қызмет – дайындықты қамтамасыз ету және ақпарат алмасу; жоғары әзірлік режимі – күшейтілген мониторинг пен ресурстарды әзірлеу; төтенше жағдай режимі – жедел ден қою, басқару және қажетті күштер мен құралдарды жіберу.

Енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасының барлық аумағында жедел ден қою жүйесінің тиімділігін және халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қауіпсіздік #арттыру #жаңа ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);