AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Әдеби достық шуағы

Әдеби достық шуағы

Мәдениет 18.09.2024, 12:59 1,259 Nursok82
Әдеби достық шуағы
almaty-akshamy.kz

Бүгінгі күні көрші Қытай елімен де байланыс түзеліп, барыс-келіс артты. Бұл заман талабы. Екі ортадағы алыс-берісте артты. Араластық артқан жерде мәдени алмасулардың орын алатыны айтпаса түсінікті. Сондықтан екі ел арасында мәдени іс-шаралар болып, мәдени алмасу болып жатқанын көз көріп жатыр. Күні кеше ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ-қытай әдеби байланыстары жайлы «Әдеби достық шуағы» атты халықаралық іс-шара өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Шараның өтуіне «Шыңжаң газеті» мен «Көршілес» журналының редакциясы, «Бейжің Шанс халықаралық мәдени алмасу» ЖШС, «Шығыс әдебиеті баспасы, ҚР Ұлттық кітапханасы мұрындық болыпты. Айта кету керек шараны ақын, аудармашы Саят Қамшыгер жүргізіп отырды. Екі ел арасындағы мәдени байланыстың артуы ел әдебиеті мен тарихи мұраларды зерттеуге үлкен жол екенін сөз арасында Саят Қамшыгер айтты.

Мұнан кейін, алғашқы сөзді алған Алматыдағы Қытай бас консулдығының вице-консулы Люй И мырза іс-шараның маңызына тоқталды. Екі ел арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды қолдайтынын, қажет болған жерде демеушілік көрсетуге де дайын екенін жеткізді. Ал шарағ арнайы келген ақын, журналист, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов қазақ-қытай мәдени байланыстары, атқарылып жатқан әдеби жобалар, танымал қаламгерлердің шығармалары жайлы келелі сөз қозғады. Өз кезегінде сөз алған ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы да екі елдің арасындағы байланыс тарихи еңбектердің зерттелуіне ашылған жол екеніне тоқталды. Ақын тебірене отырып оқыған өлеңдері де шараның мән-маңызын арттыра түсті.  

Ал шараға келген А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан келген ғалым, қытайтанушы Қайрат Ғабитханұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ержан Керімбаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жолдыбай Мұзафаров екі халықтың әдеби-мәдени байланыстары жайында тебірене сөз сөйледі. Ал шараға арнайы келген жетігенші Тұрсынай Әлібекқызы қазақтың ұлттық әуендерін тамылжыта орындаса, дәстүрлі әнші Мадияр Өмірғалы «Дударай» әнін шырқап, көрші ел өкілдерін таңқалдырды. Ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Таң дәуірі поэзиясын, Либайдың жырларын мәнерлеп оқыды. Іс-шараны «Шығыс әдебиеті» баспасының басшысы Жеңіс Омар қорытындылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әдебиет #мәдениет #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);