AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық оқушылар Желтоқсан қаһармандарын өнер ар...

Алматылық оқушылар Желтоқсан қаһармандарын өнер арқылы дәріптеді

Барлығы 06.12.2025, 13:05 504
Алматылық оқушылар Желтоқсан қаһармандарын өнер арқылы дәріптеді
Самат Құсайынов

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһармандарын еске алу және Тәуелсіздік рухын жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында Алматының Алатау ауданындағы мектептерінің оқушылары арасында “Мәңгі оянған намыс” атты өнер байқауы ұйымдастырылған болатын. Ұйымдастырушылар – “Желтоқсан ақиқаты” республикалық қоғамдық бірлестігі, “Нұрлы шуақ” қоғамдық қоры, “Парасатты жастар” және “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы” қоғамдық бірлестіктері. 

”Байқаудың мақсаты – Желтоқсан қаһармандарының ерлігін насихаттау, өнер арқылы ұлттық құндылықтар мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, талантты оқушыларды анықтау және қолдау. Байқауға Алатау ауданындағы 20 мектептен 100-ден аса оқушы қатысып, іріктеу кезеңде 30 жеткіншектің бағы жанды. Жеңімпаздардың ешқайсысын бөліп-жармай, бәріне бағалы сыйлықтар табыстадық», – дейді “Желтоқсан ақиқаты” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев.

Байқаудың “Көркем сөз” жанрында балалар Тәуелсіздік және патриоттық тақырыбында шығарма жазды. “Вокал” номинациясында жанды дауыспен патриоттық әндер шырқады. “Ақындық өнерде” жеткіншектер авторлық өлеңін орындады. Ал “Бейнелеу өнері” жанрында Желтоқсан рухын, батырлар ерлігін, бейбіт өмірді бейнелейтін суреттерін ұсынды. 

”Менің қызым Сезім Қанатбек N205 мектептің 5 “е” сыныбында оқиды. Ол бүгінгі байқауда “Бейнелеу өнері” номинациясының жеңімпазы атанды. Суретінде Бәйтеректі бейнелепті. Көкпеңбек аспан да маған әдемі әсер сыйлады. Жап-жасыл шөптің үстінде дастархан жайып, көңілді отырған отбасының бейнесі де жүрегімді тербеді. Қызымның осындай егемен елде, бақытты отбасында өмір сүріп жатқанына мың тәуба айтамын”, - дейді алматылық ата-ана Жадыра Қаракөзеева.

Байқаудың алғашқы іріктеу кезеңі онлайн форматта ұйымдастырылған болатын. Ал біз екінші шешуші кезеңіне, яғни мегаполистегі Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында өткен, онлайн-сайыстан үздік деп танылған балалардың басы қосылған гала-концертіне қатыстық. Алатаулық өнерлі оқушылар концерт қойды. Мерейі үстем болған жас достар марапатталды. Барлық қатысушыға сертификат табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#желтоқсан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18

Жаңа Конституцияның қабылдануы елдің болашағы үшін тарихи қадам болып табылады

Бүгін 18:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика