AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / TikTok-та полицияны қорлаған жасөспірім  жазаланды

TikTok-та полицияны қорлаған жасөспірім  жазаланды

Заң мен тəртіп 07.12.2025, 17:16 666
TikTok-та полицияны қорлаған жасөспірім  жазаланды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полиция қызметкерлерін қорлап, оқиғаның видеосын TikTok-қа жариялаған жасөспірімге қатысты істі қарады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс материалдарына сәйкес, кәмелетке толмаған А. мемлекеттік нөмірсіз мотоцикл айдағаны үшін ұсталған. Ол ұсталған кезде полицейлердің ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, болған жайтты видеоға түсіріп, оны TikTok әлеуметтік желісіне жариялаған.

Мемлекеттік айыптаушы оған 30 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші полиция қызметкері де жасөспірімді жауапкершілікке тарту талабын қолдады. Ал сотталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, жазаны жеңілдетуді өтінді.

СОТ НЕ ШЕШТІ

Сотта жасөспірімнің кінәсі оның өз мойындауы, жәбірленушінің айғақтары, видеоматериалдар, сондай-ақ психолого-филологиялық және амбулаториялық психолого-психиатриялық сараптама қорытындылары арқылы дәлелденгені айтылды. Істі қарау нәтижесінде ол ҚР ҚК-нің 378-бабы 2-бөлігі («Билік өкілін қорлау») бойынша кінәлі деп танылып, 30 сағат қоғамдық жұмысқа сотталды.

Сот оның кәмелетке толмағанын, шын жүректен өкінгенін, бұрын сотталмағанын және мінездемесінің жақсы екенін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тикток
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);