Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан 50 жаңа ұшақ сатып алады

Қазақстан 50 жаңа ұшақ сатып алады

Әлеумет 07.12.2025, 11:03 356
Қазақстан 50 жаңа ұшақ сатып алады
Сурет: Gov.kz

Қазақстан мен Франция арасындағы авиациялық әріптестік жаңа деңгейге шықты. Airbus-пен алғашқы 25 A320neo ұшағын жеткізу жөніндегі келісім пысықталып, тағы осынша әуе кемесіне дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылды.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, Париж қаласында Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің отырысы және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 16-Үкіметаралық комиссияның мәжілісі өтті. Іс-шараларға Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев қатысты.

Негізгі оқиға Airbus A320neo әуе кемелерін жеткізу жөніндегі Меморандум папкаларымен алмасу рәсімі болды. Құжатта «алғашқы 25 ұшақты жеткізу және кейіннен қосымша санын 25 ұшаққа дейін арттыру мүмкіндігі» қарастырылған.

Кездесу барысында Талғат Ластаев пен Airbus компаниясының вице-президенті Шарбель Юзкатли 2031 жылға жоспарланған әуе кемелерін жеткізу мерзімдері және оны жеделдету мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, вице-министр Airbus-пен бірлесіп авиациялық оқу орталығын құру және әуе кемелерін лизингке беру мәселелерін көтерді.

ҮАК аясында халықаралық серіктестермен алдағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланды: TAV Airports компаниясымен — Қазақстан әуежайлары инфрақұрылымын жаңғырту, Alstom компаниясымен — өнеркәсіптік кооперация бағытында.

Екі ел арасындағы көлік байланысын жақсарту үшін Париж–Астана рейсін қайта ашу және Шымкент–Ницца бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосу мәселелері қарастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі