Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Абай атындағы театр Ренат Салаватовты 75 жылдық ме...

Абай атындағы театр Ренат Салаватовты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

Әлеумет 11.11.2024, 20:38 1,241
Абай атындағы театр Ренат Салаватовты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады
Владимир Акуленко

2024 жыл еліміздегі ең алғашқы музыкалық театр үшін ерекше маңызға ие - Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрына 90 жыл. Биылғы жылды тек театр емес, әлемдік сахнада өзіне тән беделі бар театр дирижері Ренат Салаватұлы Салаватовтың 75-жылдық мерейтойымен де қарсы алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылдың 10 қарашасында маэстро Ренат Салаватовтың мерейтойына орай театрда П. И. Чайковскийдің «Иоланта» операсы қойылды. Дирижерлік пульт тізгінінде мерейтой иесі – Татар КСР-нің халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және Қазақ ұлттық өнер университетінің құрметті профессоры Ренат Салаватов өзі болды.

Театр маэстроны мерейтойымен құттықтап, театрдың 90 жылдық мерейтойына арналған естелік медаль мен сағатты табыс етті.

Салаватов есімі жоғары деңгейдегі музыка мен классикалық репертуарды терең түсінудің синонимі. Маэстромыздың репертуарында еуропалық, орыс, татар және қазақ композиторларының 130-дан астам опера, балет және симфониялық шығармалары бар.

Ренат Салаватов Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрін әртүрлі уақыттарда басқарған. Ол Мұса Жәлел атындағы Татар театрының бас дирижері. Кезінде Кеңес Одағының ең танымал оркестрлерімен, соның ішінде Үлкен театр мен Мариин театрының оркестрлерімен бірге жемісті жұмыс істеген.

Париждегі Гранд Операда, Дублин балетінің оркестрімен, Лондон оркестрімен, сондай-ақ Болонья, Бирмингем, Салерно, Кельн, Дуйсбург, Севилья, Амстердам, Нью-Йорк қалаларында гастрольдік сапарларымен барып, өнер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленген. Маэстро он жыл бойы Бавария мемлекеттік операсында, одан кейін Швецияның Корольдік операсында да қызмет етті.

«Иоланта» — Г. Герцтің «Рене патшаның қызы» драмасына негізделген, Петр Ильич Чайковскийдің 1891 жылы жазылған ең соңғы әрі ең жарқын операсы. Бұл шығарма адамның адалдыққа, шынайы азаттыққа деген ұмтылысын айрықша бейнелейді. Сюжет желісі дүниеге келген сәтінен көз жанарынан айырылған ханшайым Иоланта айналасында өрбиді. Өзінің көру мүмкіндігі шектеулі екенін білмеген ол, басқа адамның көмегімен өмір мен махаббаттың шынайы мәнін түсінеді.

Спектакль әртістері, әсіресе маэстро кеш соңында көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ал әр қонақ осы қайталанбас эмоция мен шаттық сезімі тағы да ұзағырақ созылса екен деген шынайы тілекпен шапалақтарын ұзағырақ соққан секілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры #Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика