ffin.kz

2023 жылы фейк ақпараттарда ең көп аты аталғандар кімдер?

2023 жылы фейк ақпараттарда ең көп аты аталғандар кімдер? Сурет: Stopfake.kz

Биыл Қазнет пайдаланушылары жалған хабарламаларды көп таратып, бөлісуді жалғастырды.


Конспирологтар әлі де болса, барлық қиындықтарға әлемдік үкіметті кінәлайды. Бірақ бұл қауымдастыққа кімнің кіретіні белгісіз болғандықтан фейктерде нақты кейіпкерлердің есімі жиі аталады. Stopfake.kz сайты 2023 жылы фейк жаңалықтарда ең көп аталғандарды атап өткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Билл Гейтс
Фейктердің көбінде америкалық кәсіпкер Билл Гейтс туралы айтылады. Қастандық теориясын жақтаушылардың пікірінше, өлімге әкелетін қауіпті вакциналарды нақ осы Microsoft компаниясы шығарады. Оның Үндістан, Африка және Оңтүстік Судан елдерінде балалардың өліміне әкелген тұрғындарды иммундауға қатысы бар екен. Сондай-ақ, филантроп адамдарды бақылау жасау үшін халықты чиптейді, бүкіл мал шаруашылығын жоюға және шаққаннан кейін адамда етке аллергия тудыратын генетикалық түрлендірілген кене жасауға қаражат салады дейді.
Гейтстің өзі мұның бәрі өтірік және мұндай мәлімдемелер адамдар арасында араздық тудырады деп бірнеше рет айтты. Оның сөзінше, адамзат вакцинацияны алаяқтық деп санаса, адамдар аурудан қайтыс болады. Конспирологтар келтірген барлық фактілерді әлемдік БАҚ пен фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды.


Рокфеллер әулеті
Жалған мазмұнды жасаушылар миллиардер Рокфеллер әулетінің есімдерін жиі қолданады. Тіпті онымен аттас адамдарды да атайды. Рокфеллер жаһандық әлемдік дағдарысты бастаушылардың бірі екен. Бұл отбасының жаһандық үкімет орнату бойынша жасырын жоспарлары бар, шаңырақты шайқалту үшін  олар феминизмді де ойлап тапқан.


Банкир Дэвид Рокфеллер туралы да түрлі қауесеттер тарады. Ең соңғы және атышулы мәлімдемелердің бірі қазан айында тарады. Instagram-да банкирдің дауысының аудиожазбасы жарияланды, онда ол өзінің отбасы мен олардың жақтастары бұқаралық ақпарат құралдары үнсіз жатқанда, әлемде өз тәртібін орнатқанын айтады. Әрине, жазба жалған болып шықты.


Илон Маск
Табысты америкалық инженер әрі кәсіпкер Илон Масктың танымалдылығы көп адамға маза бермей отыр. Фейк жасаушылар миллиардерге адамның еркі мен ақыл-ойын бақылау үшін миға чип салуға рұқсат берілгені туралы айтты. Масктың мұндай рұқсаты бар екені рас болып шықты. Бірақ бұл сал ауруына шалдыққан адамдарға заманауи гаджеттерді басқаруға көмектесетін имплантты енгізуге арналған.
Маск қаржыландыратын Starlink спутнигін ұшырғаннан кейін Желіде фейк көп тарады. Хабарламалардың бірінде автор ғарыш кемесі туралы компьютерлік ойыннан алынған видеоның үзіндісін спутник деп ұсынған. Starlink жоғарыда біреулерге жүк жеткізеді деп айтылды. Тексеруден кейін Желіде тараған видеоның спутникке ешқандай қатысы жоқ екені анықталды.


Грета Тунберг
Швед эко-белсендісі Грета Тунберг 2018 жылы 15 жасында пикетке жалғыз шығып, Желіде танымал болды. Ол кезде оқушы биліктен климаттың өзгеруіне назар аударуды сұраған болатын. Уақыт өте келе оның есімі жаңалықтарда сирек айтылатын болды, бірақ фейк ақпарат шығарушылар оны ұмытпайды. Олар 2023 жылы Гретаның атынан бірнеше жалған әңгіме ойлап тапты. Ол Қытайды ағаштарды сақтау үшін дәстүрлі таяқшалардан бас тартуға шақырған екен.Тунберг мұндай мәлімдеме жасамаған. Тағы бір фейк жаңалық әскери іс-қимылдардарға қатысты болды. Видеода Гретаның сөзін дыбыстаған дауыс соғыс кезінде «экологиялық» қаруды, атап айтқанда қауіпсіз танктерді, вегандық гранаталарды және биологиялық ыдырайтын зымырандарды қолдануға шақырған. Шындығында, бұл әлеуметтік желілерде тез тараған әзіл болып шықты.
Тағы бір әзілкеш Тунбергті банкир Ротшильдтің шөбересі деп пайымдаған. Әр түрлі елдердегі пайдаланушылар бұл хабарламаны да қызу талқылады. Бірақ эко-белсенді мен әлемдегі бай және беделді отбасылардың бірінің арасында ешқандай байланыс анықталған жоқ.


Симпсондар
Ең танымал мультфильмдегі сәуегей отбасылардың бірі әлі күнге дейін көптеген фейктерде айтылып жүр. Бұл ойдан шығарылған тұлғалар болса да, жалған жаңалықтарға лайық. Желідегі жарияланымдардың бірінде Симпсондардың үкіметті әшкерелейді делінген. Бірнеше мультсериалдан құрастырылған (оның екеуі Симпсондар туралы емес!) роликте билік ауа райымен манипуляциялар жасап, қолдан апаттар тудыратыны айтылған. Бұған үлес қосқан құпия өркениеттер, адамдарды улайтын химтрейлдер туралы да сөз қозғалады. Мұның өтірік екені анық. Келесі бір жаңалықта Симпсондар Silicon Valley Bank күйреуін болжайды. Шындығында, мультфильмде банктің атауы адамдарды шатастыру үшін өзгертілген. Сондай-ақ олар Гавайиде өрт болатынын және электромагниттік импульс салдарынан электр қуаты өшетінін болжаған екен. Мультфильм кейіпкерлерінің барлық болжамдары фейк болып шықты.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04