AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 1 қаңтардан аграрийлерді субсидиялаудың Qoldau сер...

1 қаңтардан аграрийлерді субсидиялаудың Qoldau сервисі жұмысын тоқтатады

Әлеумет 31.12.2022, 10:07 1,152
1 қаңтардан аграрийлерді субсидиялаудың Qoldau сервисі жұмысын тоқтатады
Сурет: Qamshy.kz

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Qoldau платформасының фермерлерге субсидия беруге арналған сервисі қызметін тоқтатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Аталған сервистің қызметін тоқтату субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін іске қосумен және Qoldau цифрлық платформасының алдына қойылған жаңа, ауқымды міндеттермен байланысты.



«Субсидиялаудың деректер базасы қабылдау-тапсыру актісі арқылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді. Қаржы институттары – агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру нарығына қатысушылардың өтініші бойынша оларға, сондай-ақ субсидиялау сервисінің тарихи деректері ұсынылды. Бұл субсидиялау саласының Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесіне (БМАЖ) ауыртпалықсыз көшуіне кепілдік береді.


Ал Qoldau платформасы мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерін цифрландыру, бағалау, аудиторлық және бухгалтерлік қызметті цифрландыру, мемлекеттік кірістер органдарының мониторингі үшін астықты қадағалау саласы, банкроттық рәсімдерін цифрландыру, мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мониторингі және ел басшылығының тапсырмалары шеңберінде басқа да ауқымды жобаларды іске асыра отырып, жұмысын жалғастыра береді», - делінген хабарламада.



Айта кетейік, Qoldau субсидиялау сервисі арқылы 2018 жылы пилоттық режимде іске қосылған сәттен бастап бүгінге дейін 700 млрд теңгеге жуық субсидия төленді (бүгінгі бағам бойынша 1,5 млрд АҚШ доллары). Субсидия алушылардың қатарында 61 мыңнан астам шаруа қожалықтары мен компаниялар бар. Инвестициялық субсидиялау көлемі шамамен 312 млрд теңгені құрайды. Qoldau сервисі арқылы 95 миллиардқа жуық теңге үш бағыт бойынша төленді. Атап айтқанда, кредиттер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді қолдау және аграрлық сала кәсіпорындарын қаржылық сауықтыру.


Qoldau субсидиялау сервисі бюджет қаражатынсыз мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жасалып, енгізілді. Осылайша агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау ашықтығы қамтамасыз етілді. Цифрландырудың бұл жобасы құқық қорғау органдарына мемлекеттік қаржыны жымқыру фактілерін анықтауға мүмкіндік берді. Себебі сервис цифрландырылған кез келген араласуды көрсетіп отырады. Осылайша мониторинг жүргізу кезінде фискалдық органдардың жұмысын жеңілдетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Субсидия #аграрлық сала #фермерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);