AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Сайранда 100-ден аса қоқыс жәшігі қойылды

Сайранда 100-ден аса қоқыс жәшігі қойылды

Барлығы 20.06.2025, 19:52 946 Сұлу
Сайранда 100-ден аса қоқыс жәшігі қойылды
Алматы әкімдігі

Сайран көлі аумағында 124 қоқыс жәшігі орнатылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, Сайран су қоймасында демалыс аймағын кезең-кезеңімен көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аумағы ресми түрде ашылмаған, нысан әлі пайдалануға берілмеген және көркейтудің бірқатар элементі, соның ішінде қоқыс жәшіктері мен шағын сәулет пішіндер орнату сатысында тұр. Барлық қайта жаңарту кезеңдері аяқталған соң бұл аумақ қажетті инфрақұрылыммен толық жабдықталады: жарықтандыру, демалыс аймақтары және бейнебақылау жүйелері қарастырылған.

Күн сайын Сайран көлінің аумағында 40 қызметкер тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыс шығару жұмыстарын атқарады. Орта есеппен тәулігіне шамамен 5 тонна тұрмыстық қатты қалдық шығарылады.

Келушілердің жайлылығы мен санитарлық тәртіпті сақтау мақсатында аумаққа 124 қоқыс жәшігі орнатылған.

Сайран көліне күн сайын 3–4 мың адам келеді.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Құтқару қызметінің қызметкерлері күн сайын халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүзуге тыйым салынғаны туралы ақпарат беретін қоршау мен ескерту белгілері орнатылған.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қоғамдық тәртіптің бұзылу фактілері әлі де тіркелуде: азаматтар көл аумағындағы тәртіп ережелерін бұзып, көгалдандыру элементтеріне және шағын сәулет нысандарға зиян келтіруде, қоқыс қалдырып кетіп жатыр.

Мұндай әрекеттер құрылыс және көркейту жұмыстарын айтарлықтай қиындатып, жоспарланған шаралардың іске асуын баяулатады.

Осыған байланысты, 2025 жылы 21 маусымда сағат 10:00-де Сайран су қоймасының аумағын көркейту және санитарлық жағдайын сақтау аясында су айдынын және оған іргелес аумақты тазалау бойынша сенбілік өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, басқарма қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда мәдениет нормаларын сақтауға, коммуналдық қызметкерлердің еңбегіне және қалалық ортаға құрметпен қарауға шақырады. Тазалықты сақтау, көркейту, көгалдандыру және инфрақұрылым элементтерін қорғау – әр адамның саналы қатысуын талап ететін ортақ жауапкершілік.

Экология мен қоғамдық кеңістіктерге жауапкершілікпен қарау — бұл Алматы қаласында жайлы, қауіпсіз және тартымды қалалық ортаны қалыптастыруға әрбір азаматтың қосқан үлесі. Көркейту және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін сақтау және арттыруға ортақ күш-жігер қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайран #қоқыс #қоқыс жәшік #тазалық #әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);