AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қоқыс шығаруға арналған 50 жаңа машина бе...

Алматыда қоқыс шығаруға арналған 50 жаңа машина берілді

Барлығы 04.07.2025, 18:58 848
Алматыда қоқыс шығаруға арналған 50 жаңа машина берілді
Алматы әкімдігі

«Green Recycle» ЖШС қоқыс сұрыптау кешенінің аумағында Алматының Алатау ауданында қатты тұрмыстық қалдықты шығару үшін 50 жаңа мамандандырылған автокөлікті беру рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. 

Техниканы беру рәсімі қоршаған ортаның сапасын жақсартуға және тазалық мәдениетін дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында өтті. Жоба «Жасыл даму» АҚ және «Ақ Тәртіп» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылуда және Алматыда қалдықпен жұмыс істеудің барлық жүйесін жаңғыртуды көздейді.

Жаңа техника қалдық шығарудың тиімділігін қамтамасыз етеді, қаладағы санитарлық стандартты арттырады. Автопарк JAC N200 маркалы заманауи машиналармен толықты. Техника кран-манипуляторлық қондырғылармен жабдықталған және қала жағдайына бейімделген. Осының арқасында кәсіпорын қалдық шығарудың жүйелілігі мен сапасын арттырып, коммуналдық қызмет саласында 50-ге жуық жаңа жұмыс орнын аша алады.

Жобаны қаржыландыру «Жасыл даму» АҚ арқылы жылдық 3%-бен 7 жылға дейінгі мерзіммен берілген «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның жеңілдетілген қарызы есебінен жүзеге асырылды. Қаржы кәдеге жарату төлемінің тетігі аясында бөлінген.

Экология министрі Ерлан Нысанбаев Алматының мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалануда үлгі көрсетіп отырғанын атап өтті.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды бұл іс-шара шаһардағы қалдықты басқарудың экологиялық қауіпсіз әрі тиімді жүйесі мен жайлы қалалық ортаны құру жолындағы маңызды қадам болғанын атап өтті.

«Алматыда ҚТҚ жинау үшін инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Біз мамандандырылған техниканың санын дәйекті түрде арттырамыз, контейнерлік алаңдарды жаңартамыз, бөлек жинау жүйесін енгіземіз. Жаңа техниканы беру қаладағы санитарлық жағдайды жақсартуға және жасыл экономиканы одан әрі дамытуға қомақты үлес», - деді Дархан Сатыбалды.

Техниканы беру рәсімнен кейін іс-шараға қатысушылар Алматыда құрылған тігінен интеграцияланған ҚТҚ басқару консорциумына кіретін «Green Recycle» ЖШС қоқыс сұрыптау кешенінің жұмысымен танысты. 2018 жылы пайдалануға берілген зауыт заманауи итальяндық жабдықта тәулігіне 1500 тоннаға дейін қалдықты сұрыптай алады. Кәсіпорында 650-ден астам адам жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қоқыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

БҚО әкімі мас күйде көлік жүргізген

Бүгін 15:13

Шілдеден бастап Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 14:57

Голливуд жұлдызы қазақстандық блогерге алғыс айтты

Бүгін 14:46

Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Бүгін 14:25

Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактив арт-нысан орнатылды

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика