AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Экологиялық тәрбие бастауыштан басталады

Экологиялық тәрбие бастауыштан басталады

Барлығы 02.12.2025, 10:18 553
Экологиялық тәрбие бастауыштан басталады
Сурет: автор

Қазіргі заманда қоқыс – тек тұрмыстық қалдық емес, қайта өңделіп, пайдалы өнімге айналатын құнды ресурс. Экологиялық мәдениетті бала кезден қалыптастыру – болашақ ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырады.

Алматы қаласындағы №202 мектеп-гимназияның 2 «Ә» сынып оқушылары қоқысты қайта өңдеудің маңыздылығын шығармашылық жолмен көрсетті. Олар тұрмыстық қалдықтарды мүмкіндігінше қайта өңдеп, түрлі бұйымдар жасап шықты.

Көрмеге қойылған бұйымдардың әрқайсысы – балалар қиялы мен еңбегінің нәтижесі. Бірі әуе шары, бірі самаурын, тіпті киіз үй, үй жануарлары, ыдыс-аяқ, өсімдіктер мен үйге қажетті жабдықтарға дейін жасаған. Әр туынды тек эстетикалық мәнге ие емес, сонымен қатар экологиялық ой салады.

Сынып жетекшісі Гүлфайрус Нұрлыбекқызының айтуынша, бұл шараға балалар өз еркімен, ерекше қызығушылықпен қатысқан.

«Шараның басты мақсаты – оқушылардың экологиялық сауатын арттыру, айналаны таза ұстауға баулу және «Таза Қазақстан» акциясына қолдау көрсету», – дейді ұстаз.

Мектептің бастауыш сыныптар кафедрасының жетекшісі Айнұр Тоқтасынқызы да жас шеберлердің еңбегіне жоғары баға беріп, олардың шығармашылығы мен ойлау қабілетіне тәнті болғанын жеткізді.

«Кейбір бұйымдар адам ойына келе бермейтін ерекше идеялармен жасалған», – деп атап өтті ол.

Экологиялық мәдениетті бала жасынан қалыптастыру – болашақ ұрпақтың саналы азамат болып өсуіне негіз болады. Бұл орайда Ерназар Шахназ есімді оқушының пікірі ой салады:

 «Мен өзім тұратын қаланы әрдайым таза күйінде көргім келеді. Ол үшін жауапкершілікті әр адам өзінен бастауы керек. Мысалы, су ішсең – бөтелкесін қоқыс жәшігіне таста, кәмпит жесең – қағазын жерге тастама. Бәріміз осы әдетті ұстансақ, қалада шашылған қоқыс болмас еді», – дейді ол.

Көрмеге оқушылар дайындаған 50-ден астам бұйым қойылды. Жас шеберлер мектеп басшылығы мен көрермендерге өз жұмысы туралы айтып, бұйымдарды дайындау барысымен таныстырды.

Оқушылардың қарапайым қоқыстан әдемі әрі пайдалы бұйымдар жасауы – шығармашылық пен экологиялық тәрбиенің керемет үйлесімі. Мұндай шаралар балалардың бойында табиғатқа жанашырлықпен қарау, тазалық сақтау, ысырапқа жол бермеу секілді маңызды дағдыларды қалыптастырады.

Қалдықты қайта өңдеуге болатын дүние деп қабылдау – тек көзқарас емес, үлкен мәдениеттің көрінісі. Балалардың бойынан  осындай қасиеттің табылып жатқаны, әрине, қуанарлық жайт

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экологиялық тәрбие #бастауыш #қоқыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика