Наурызбай ауданында Наурыз тойы басталды
Алматының Наурызбай ауданында Ұлыстың ұлы күні мерекесі киіз үйлер, ұлттық спорт түрлері, концерттік бағдарлама және этно-көрме арқылы ауқымды түрде атап өтілді. Алаңда тұрғындар ұлттық дәстүрмен танысып, ойын-сауық пен мәдени шараларға қатысып, Наурыздың рухын сезінді.