AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Наурызбай ауданында Наурыз тойы басталды

Наурызбай ауданында Наурыз тойы басталды

Алматы құшағында 21.03.2026, 13:29 261 dulatbekova
Наурызбай ауданында Наурыз тойы басталды

Наурызбай ауданында Ұлыстың ұлы күні ерекше ауқымда атап өтілуде.

Аудан тұрғындары жиналатын алаң ретінде №221 мектептің жанындағы автотұрақ таңдалған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі

Мұнда 10-нан астам киіз үй тігіліп, әр қайсысына бір ауылдың аты берілген. Мысалы: “Емшілер” ауылы, “Арғымақ” ауылы, “Ынтымақ” ауылы, “Аманат” ауылы және т.б.

Мерекелік алаң әртүрлі белсенділік аймақтарына бөлінген. Тұрғындар бір бөлігінде арқан тартып, күш сынаса, енді бірінде алтыбақан теуіп, көңіл көтеруде. Одан бөлек ұлттық спорт түрлерінен шағын сайыстар да өтіп жатыр. Олардың қатарында қол күрес, садақ ату, ләңгі тебу, қазақ күресі, асық ату, арқан тартыс бар.

Ұлттық мейрамды тойлауға келген тұрғындар үшін қолөнер және этно өнімдер көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Арнайы фотоаймақ пен фотобудка, аква-грим аймақтары да бар. Сонымен қатар әртүрлі тағамдар ұсынылған фудкордтан адамдар дәм татуда.

- Наурыз - күн жылынып, дала гүлденіп, халықтың қуана күтетін мерекесі. Бүгін ауданымызда керемет той ұйымдастырылған екен. Жас та, кәрі де мұнда өзіне керегін тауып, ән тыңдап, көтеріңкі көңіл-күйде жүр. Осы үшін алғыс айтамыз, - деді аудан тұрғыны Кенже Ахмет.

Алаң төрінде орнатылған сахнада концерттік бағдарлама сағат 11:00-де басталды. Жиналған көпшілік алдында «Арай» хоры ансамблі, “Балапан” жас бишілер тобы, мәдениет қайраткері Дүйсебай Шаштаұлы, “Отырар сазы” мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрі өнер көрсетіп жатыр. Кеш хедлайнерлері “Ұлытау” тобы мен “Алашұлы” тобы болмақ. Концерт сағат 17:00-ге дейін жалғасады.

Еске салайық, бүгін қаланың барлық 8 ауданында ұлттық мереке тойланып жатыр. Ал қалалық деңгейдегі мерекелік бағдарламалар “Астана” алаңы, “Абай” даңғылы және Панфилов жаяу жүргіншілер жолында ұйымдастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #Наурызбай ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48

Мемлекет басшысы: «Халқымызда «Батыр елі үшін туады» деген сөз бар, елге қорған болу – ең абыройлы қызмет»

Бүгін 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);