конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл к...

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл көшеті егілді

Алматы Бүгін 16:12 37 Сұлу
Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл көшеті егілді
Алматы әкімдігі

Наурызбай ауданында көше мен қоғамдық кеңістікті көгалдандыру жұмыстары жалғасып келеді. Маусым басталғалы Eco Almaty қызметкерлерімен бірлесіп жалпы аумағы 7 мың шаршы метр жерге 252 мың гүл көшеті отырғызылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Гүл композициялары Шұғыла шағынауданында, «Алатау» шипажайы маңында, Сәбденов көшесінде және Абай даңғылында орналастырылды.

Сонымен қатар, Абай және Алатау даңғылдарында, сондай-ақ Әшімов, Шаляпин, Қонаев және Рысқұлов көшелерінде тік көгалдандырудың 1 950 құрылымы орнатылды.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында «Алматының гүл жұмағы» саябағының құрылысы қарқын алған. Нысанда жер жұмыстары жүргізіліп, ағаш егіліп, су құбыры тартылды және сыртқы жарықтандыру желілерін орнатуға арналған учаскелер дайындалды. Көріктендіру жұмыстары үшін 5 мың шаршы метрге жуық кеспетас сатып алынып, жиектастарды орнату жұмыстары қызған.

Осы бағдарлама аясында Әшімов көшесінде көгалдандыру және автоматты суару жүйесін орнату, жүргінші аймақтарын көріктендіру, көшелерді жарықтандыру және жөндеу жобалары да жүзеге асырылып жатыр, деп мәлімдеді Наурызбай ауданы әкімдігінің өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #гүл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Бүгін 17:01

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Бүгін 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Бүгін 16:48

Дархан Сатыбалды Үлкен Алматы көлі маңындағы туристік инфрақұрылымды дамыту жобаларымен танысты

Бүгін 15:29

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының түлектерімен ашық диалог өтті

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);