AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Наурызбай ауданында биыл 100 шақырымдай...

Алматының Наурызбай ауданында биыл 100 шақырымдай инженерлік желі салынады

Алматы 13.04.2026, 12:05 162 Сұлу
Алматының Наурызбай ауданында биыл 100 шақырымдай инженерлік желі салынады
Алматы әкімдігі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева инженерлік инфрақұрылымды дамыту туралы баяндады. Ауданда сумен жабдықтайтын, су бұратын жүйелерді салу жұмысы жалғасып жатыр: биыл ондаған шақырым желі тартылып, жаңа жобаларды іске асырмақшы, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Наурызбай ауданы қаладағы ең жас ауданның бірі, биыл бізге 12 жыл толып отыр. Аудан қарқынды дамып келеді, халық саны өсіп, тұрғын үй де қатар салынып жатыр. Осыған байланысты инженерлік инфрақұрылымға түсетін жүктеме де артты. Сондықтан тұрғындарды үздіксіз сумен қамтамасыз ету мәселесі басым бағыт болып қала бермек», — дейді Назира Тоғызбаева.

Оның айтуынша, инфрақұрылымды дамыту жұмысын аудан жүйелі түрде қолға алған. Былтыр ауданда 83 шақырымнан астам су құбыры мен 80 шақырым кәріз желісі тартылыпты. Биыл да осы қарқын сақталып, қосымша 50 шақырым су құбыры мен 48 шақырым кәріз желісін салынбақшы екен.

«Қазір тұрғындарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету міндеті кешенді түрде шешіліп жатыр. Біз тек жекелеген учаскелерді ғана емес, тұтас шағынаудандарды қамтитын үлкен жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Бұл тұрақты сумен жабдықтайтын, су бұру жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Барлық жұмыс бақылауда тұр», — деп атап өтті спикер.

«Ақжар (3-кезек)» жобасы аясында су құбыры мен кәріз желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр, бұл жұмыс биылғы желтоқсанда аяқталып қалады.

Тастыбұлақ шағынауданында су құбыры мен кәріз желісін салатын үлкен жоба қолға алынды. Құрылысы 2027 жылдың желтоқсанында аяқталмақшы.

«Біз ауданның әртүрлі бөлігінде бірнеше инфрақұрылымдық жобаны қатар жүзеге асырып жатырмыз. Бұл даму қарқынын жеделдетіп, тұрғындарды негізгі коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыстардың сапасы мен мерзімінің сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Нәтижесінде тұрғындар орталықтандырылған желілерге қосылып, өмір сүру сапасы жақсарады», — деп толықтырды Назира Тоғызбаева.

Сонымен қатар, Таусамалы шағынауданында мердігер ұйым анықталып, биылғы мамыр айында жұмысты бастап кеткелі отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #инженерлік желі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);