Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарих...

Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

Тәуелсіздік-30 07.12.2021, 14:41 1,154
Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті
Суреттер: Inform.kz

Литва ұлттық кітапханасында литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті


Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға Сеймнің депутаттары, Сыртқы істер министрлігінің, іскерлік және академиялық орта өкілдері, Қазақстанның құрметті консулдары, мәдениет қайраткерлері мен қазақстандық студенттер қатысты. Кітаптан литвалық оқырман қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы, сондай-ақ бостандық пен тәуелсіздік үшін күресі туралы біле алады. ҚР Елшісі Виктор Темірбаев бұл іс-шара Қазақстан-Литва мәдени қатынастарындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.


Дипломат қонақтарды Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында қол жеткізілген еліміздің үш онжылдықтағы табыстарымен таныстырып, қазіргі таңда бұл бағытты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп келе жатқанын атап өтті.


Кітап авторы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл өзінің бейнеүндеуінде бұл басылымның негізгі мақсаты - оқырманды Ұлы дала өркениетінің тарихымен таныстыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары республика басшылығы Қазақстан тарихының аспектілерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге көп көңіл бөліп келеді.


Қазақстан елшілігі «Жара» баспа үйіне және оның басшысына кітапты Литва тіліне аударуға және оны басып шығаруға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Кітап Литваның жетекші университеттерінің кітапхана қорларына және Вильнюс, Клайпеда және Каунас орталық қалалық кітапханаларына жіберіледі. Мартинас Мажвидас атындағы Литва ұлттық кітапханасы - Литвадағы ең ірі ғылыми кітапхана, Литва және шетелдік құжаттардың мемлекеттік қоймасы. Парламенттік кітапхана, Еуропалық одақтың, Дүниежүзілік банктің, МАГАТЭ-нің және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдардың депозиттік кітапханасы қызметін атқарады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан тарихы #кітап #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қабырғаға ұрып, үстіне секірген: Алматыда мысықты қорлаған жасөспірімнің видеосы тарады

Бүгін 14:45

Ақтөбеде шахтерлер мен ойын-сауық орындарын бопсалаған қылмыстық топтар ұсталды

Бүгін 14:27

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі бірдей сында жартылай финалға шықты

Бүгін 14:16

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика