Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы жаңа Констит...

Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады

Билік 09.02.2026, 17:54 201
Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасы әу бастан-ақ оның қоғамға және әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді әсері ескеріле отырып әзірленгенін алға тартты.

Оның айтуынша, кәсіподақтар үшін бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету, талқылауға жұмыс істейтін халықты тұтастай тартудың маңызы ерекше.

«Кәсіподақтардың шамамен екі миллион мүшесінің өкілі ретінде бұл құжатты талқылау комиссия мен сарапшылар ортасының аясында ғана қалмауы мен үшін аса маңызды болды», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Өңірлерде және еңбек ұжымдарында өткен талқылаулар барысында адал еңбек етіп жүрген адамдардың күнделікті өміріне тікелей қатысты мәселелер көтерілген.

«Талқылау азаматтармен бетпе-бет, кейде қызу пікірталас түрінде, бірақ шынайы әңгіме сипатында өтті. Адамдар еңбек қауіпсіздігі, балаларының болашағы туралы айтты. Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады. Себебі ол көп жағдайда біз еңбек адамдарынан естіп отырған ой-пікірлермен сәйкес келді», – деп толықтырды спикер.

Өз сөзінде ол әлеуметтік мемлекет қағидатына және адамның ең жоғары құндылық ретінде бекітілуіне де назар аударды. Кәсіподақтар федерациясы төрағасының пікірінше, бұл – мемлекеттік шешімдер үшін негізгі бағдар.

«Алғашқы баптың өзінде-ақ Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде айқындалып, ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары аталады. Жалдамалы жұмыскер үшін бұл – аса маңызды белгі. Мемлекет енді сандар мен есептердің айналасында емес, еңбек етіп, өнім өндіретін, еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар айналасында құрылады», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Еңбек құқықтары туралы айта келе, Сатыбалды Дәулеталин экономикалық және технологиялық өзгерістер кезеңінде жұмыспен қамту саласына және еңбек жағдайларына мемлекет жауапкершілігінің сапалық тұрғыдан өзгергеніне тоқталды.

«Еңбек адамның жеке тәуекелі ретінде емес, лайықты өмірдің негізі ретінде мойындалады. Тағы бір маңызды бағыт – ынтымақтастық қағидаты. Мұнда ол өзінің нағыз шынайы мәніне қайта оралады. Бұл – мемлекет, бизнес және еңбек арасындағы ынтымақтастық. Тәуекелді жұмыскердің мойнына іле салу емес. Біржақты жауапкершілік те емес. Бұл – мемлекет белсенді қатысушы  бола отырып, адамдардың тұрмыс жағдайына жауапкершілік алатын мүдделердің әділ теңгерімі. Жұмысшы үшін бұл, ең алдымен, ертеңгі күнге деген сенім», – деп мәлімдеді спикер.

Сөз соңында Сатыбалды Дәулеталин ауызбіршілік пен қоғамның бір кісідей атсалысуы тұрақты дамудың негізгі тетігі екенін тағы еске салды. Сондай-ақ, Конституциялық комиссия мүшелеріне ашық әрі мазмұнды диалог үшін алғыс айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика