Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ұлттық волонтерлік желі өкілдері қазақстандықтарға...

Ұлттық волонтерлік желі өкілдері қазақстандықтарға үндеу жасады

Саясат 09.02.2026, 15:17 159
Ұлттық волонтерлік желі өкілдері қазақстандықтарға үндеу жасады
Ұлттық волонтерлік желі

9 ақпанда Астана қаласында Ұлттық волонтерлік желі «Жаңа Конституция жобасын талқылау және қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлік ұйымдардың өкілдері, өңірлік волонтерлік фронт-офистер мен бастамашыл топтар, сондай-ақ серіктестер офлайн және онлайн форматта қатысты.

Кездесу барысында волонтерлік сектордың жаңа Конституцияны талқылауға қатысуы, үкіметтік емес ұйымдардың халықты ақпараттандырудағы рөлі, қоғамдық диалогты дамыту және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Ким Вера Александровна Конституция жобасын әзірлеуге азаматтық қоғамның қатысуының маңызын және Конституциялық комиссия жұмысының ашықтығын атап өтті.

«Конституция қоғаммен диалог негізінде қалыптасуда, жабық режимде емес. Жаңа Конституция жобасымен алты ай жұмыс істеу барысында азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялардан және сарапшылардан шамамен 4 мың ұсыныс түсті. Бұл қоғамның енді пассивті бақылаушы емес, саяси үдерістердің толыққанды қатысушысына айналып келе жатқанын білдіреді», — деді Вера Ким.

Оның айтуынша, жаңа конституциялық институт — Халық кеңесін енгізу қоғамдық қатысуды нығайтудағы маңызды қадам болмақ. 

«Бұл мемлекет пен қоғам стратегиялық даму бағыттарын бірлесіп талқылайтын модельге көшу. Қоғам тек талқылау құқығына ғана емес, заң шығару үдерісіне ресми түрде бастамалар енгізу мүмкіндігіне ие болады», — деп атап өтті ол.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Джумурбаев Тимур Габдулович жаңа Конституцияның Қазақстан жастары үшін ерекше маңызын атап өтті. 

«Қазақстан жастары үшін жаңа Конституцияны қабылдау — аса маңызды қадам. Өйткені оның маңызы бүгінгі және болашақ ұрпаққа тікелей бағытталған. Адамға бағдарлану — жастардың әділ әрі қолжетімді өсу және даму мүмкіндіктерін ашатын жаңа Негізгі заңның басты логикасы», — деді Тимур Джумурбаев.

Ол сондай-ақ сындарлы патриотизм, адами капиталды дамыту, білім мен инновация қағидаттарын бекіту жастардың өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, ел дамуындағы рөлін күшейтетінін атап өтті.

Өз кезегінде «Медициналық жастар» РҚБ төрағасы, медицина саласының волонтері Әбдіраш Абылайхан Әбдікерімұлы Конституция жобасының әлеуметтік және медициналық аспектілеріне тоқталды.

«Ұсынылып отырған Конституция жобасы адам өмірі мен денсаулығын мемлекеттік саясаттың өзегіне қояды. Отбасыны, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ денсаулық сақтау құқығын бекіту денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен қоғамдық денсаулықты нығайтудың берік құқықтық негізін қалыптастырады», — деді Абылайхан Әбдіраш.

Оның айтуынша, медициналық жастар бұл жобаны адамға бағдарланған, әлеуметтік жауапты мемлекет қалыптастыру жолындағы маңызды қадам ретінде бағалайды.

«Жобаның тиімділігі оның іс жүзінде қалай жүзеге асатынына тікелей байланысты. Біз бұл нормалар нақты бағдарламалармен, жеткілікті қаржыландырумен және жас мамандар үшін қолайлы еңбек жағдайларымен қамтамасыз етіледі деп үміттенеміз», — деп қосты ол.

Дөңгелек үстел ашық талқылау және еркін пікір алмасу форматында өтті. Шара қорытындысында Ұлттық волонтерлік желі жаңа Конституция жобасын қолдау жөніндегі үндеуді жариялады (үндеу мәтіні №1 қосымшада).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық волонтерлік желі #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика