AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Медиа қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдады

Медиа қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдады

Саясат 09.02.2026, 19:35 356 Сұлу
Медиа қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдады
Бас редакторлар клубы

 2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа – 2026: сөз бостандығы, ақпарат үшін жауапкершілік және жеке деректерді қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

       Іс-шараға «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, медиа саласының сарапшылары мен ардагер журналистер қатысты. Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Бас редакторлар клубының төрағасы Б.Н. Жексенбай жүргізді:

      «Сөз бостандығы — демократиялық мемлекеттің негізгі құндылығы. Жаңа Конституцияда ол бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігімен бірге нақты кепілдендірілуі тиіс. 

      Сонымен қатар, сөз бостандығы мен азаматтардың ар-намысы, жеке деректерінің қауіпсіздігі арасындағы тепе-теңдік конституциялық деңгейде айқындалуы қажет. Ал жауапкершілік құқықтық, әділ әрі теңгерімді болып, журналистік зерттеу мен қоғамдық сынға кедергі келтірмеуі тиіс.»

       Дөңгелек үстел барысында 2026 жылғы конституциялық реформаның негізгі бағыттары, сөз бостандығының қазіргі мазмұны, ақпарат таратудағы жауапкершілік, жала мен ар-намыс мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі жаңа қауіп-қатерлерге құқықтық жауап беру қажеттігін атап өтті.

        Жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.С. Башимов, «Қазақстан» РТРК» АҚ төрағасы Е. Бұрахан, «Хабар» агенттігі» АҚ төрағасы К.Б. Ойшыбаев, «Qazcontent» АҚ төрағасы А. Задабек және басқа да сала өкілдері баяндама жасап, медиа кеңістіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

      Жарыссөз барысында Алматы қаласы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарынан онлайн форматта қатысқан журналистер мен медиа басшылар өз қалаларынан қосылып, жаңа Конституция жобасына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, Алматы қаласынан медиа майталмандары мен  басшылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жиналды. Өз пікірлерін ұсынды.

      Талқылау кезінде сөз бостандығының демократиялық қоғамдағы негізгі құндылықтардың бірі екені, сонымен қатар ақпарат таратудағы жауапкершілік, жалған ақпараттың алдын алу және азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке деректерін қорғау арасындағы құқықтық тепе-теңдікті сақтау қажеттігі атап өтілді.

     Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстелдің резолюциясы қабылданды. Құжатта конституциялық реформаның негізгі бағыттары бойынша медиа қауымдастықтың ұстанымы мен ұсыныстары жүйеленіп, сөз бостандығын, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін және ақпарат алу мен тарату құқығын Конституцияда берік бекіту қажеттігі атап өтілді.

     Резолюцияда сөз бостандығы мен ақпарат таратудағы жауапкершілік, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделі арасындағы құқықтық тепе-теңдікті сақтау конституциялық деңгейде нақты айқындалуы тиіс екені көрсетілді. Қатысушылар жалған ақпарат пен жала жабу үшін көзделетін жауапкершілік нормалары әділ, нақты және теңгерімді болуы, сонымен қатар журналистік зерттеу жүргізуге және қоғамдық маңызы бар сын айтуға кедергі келтірмеуі қажет деген ортақ пікірге келді.

     Сондай-ақ резолюцияда ақпарат таратудағы жауапкершілік, жеке өмірге қол сұқпаушылық және адамның қадір-қасиетін сақтау қазіргі ақпараттық және цифрлық дәуірдің басты конституциялық құндылықтарының бірі ретінде танылып, бұл бағыттағы нормаларды халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерді ескере отырып нақтылау ұсынылды.

     Құжатта бұқаралық ақпарат құралдарының конституциялық реформаны кәсіби, теңгерімді және жауапкершілікпен жариялау арқылы қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтудағы ерекше рөлі атап өтілді. Журналистік қауымдастық жаңа Конституция жобасын одан әрі қоғамдық және сараптамалық талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.   

       Қабылданған резолюция Қазақстан Республикасы Бас редакторлар клубының 2026 жылғы 9 ақпанда өткен дөңгелек үстелінің қорытынды ұстанымын білдіреді және уәкілетті мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптарға ұсыныс сипатында жолданатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);