Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Мемлекет басшысының реформалары аясында топтасу ас...

Мемлекет басшысының реформалары аясында топтасу аса маңызды - Сенат спикері

Билік 09.02.2026, 16:25 210
Мемлекет басшысының реформалары аясында топтасу аса маңызды - Сенат спикері
senate.parlam.kz
 

Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасының негізгі мәнін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Сенат депутаттарымен бірге сарапшылар қауымдастығының, ғылыми және талдау орталықтарының, салалық институттардың өкілдері, сондай-ақ, Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Taldau Community мүшелері қатысты.

Отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан реформалардың стратегиялық маңызына назар аударды. Сондай-ақ ол жаңа Конституция жобасы қоғамның саяси жүйені терең жаңғыртуға қатысты сұранысының жарқын көрінісі екенін атап өтті.

«Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздегі саяси жүйені терең және жүйелі жаңғыртуға бағытталған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Жаңа Конституция жобасының негізі заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың мүдделері мен құқықтарына, сондай-ақ, табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға және орнықты даму бағдарына табан тірейді. Бұл – бекітілген нақты конституциялық нормалар арқылы Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асырудың айқын көрінісі», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы Конституция жобасы мәні жағынан Қазақстанның даму философиясын жаңартып, мемлекеттіліктің жаңа кезеңін айқындайтын тарихи құжат екенін айтты. Ол құжатты қоғамдық талқылаудың деңгейі ауқымды екенін және Конституциялық комиссия жұмысы ашық әрі жария түрде жүргізіліп жатқанын да тілге тиек етті.

«Конституциялық комиссияның жұмысы ашық және жария түрде жүргізілуде. Отырыстар тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Комиссияға азаматтардан көптеген өтініш-ұсыныс келіп түскені де белгілі. Іс жүзінде жаңа Конституция кең ауқымды қоғамдық талқылау барысында қалыптасуда. Бүгінгі дөңгелек үстел – осы ауқымды әрі жауапты диалогтың бір бөлігі. Алдағы кезеңде Конституцияда айқындалған құндылықтар мен идеяларды нақты тетіктерге, болашақ заңдар мен құқық қолдану тәжірибесіне көшірудің маңызы зор», – деді Сенат Төрағасы.

Іс-шара барысында Парламент Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшелері Жақып Асанов пен Ольга Перепечина, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің Төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Нұрлан Бекназаров сөз сөйледі. Сондай-ақ «AMANAT» қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрайымы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Жұлдызай Ысқақова, «Ұлттық энергия үнемдеу орталығының» басқарма төрағасы Елдос Абақанов және білім беру саласының сарапшысы Мәдина Тыныбаева жаңа Ата Заңның жобасы жөнінде пікір білдірді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар конституциялық реформаны сараптамалық тұрғыда сүйемелдеудің маңызды екенін айтып, алдағы уақытта сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #спикер #Мәулен Әшімбаев #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика