Газға уланған: Ақтөбеде әйел мен оның үш баласы өлі табылды

  • 14:51, 09 ақпан 2026
Газға уланған: Ақтөбеде әйел мен оның үш баласы өлі табылды Алматы әкімдігі

Бүгін Ақтөбедегі Алматы ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған үш баласы өлі табылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алдын ала мәліметке сәйкес қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан уланудан болуы мүмкін.

"Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасап, тексеріс жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір құзырлы органдар тарапынан тергеу басталған.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ, материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілмек.

Ақтөбе облысының әкімдігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ, қажетті материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады.

Полиция мәліметінше, марқұм әйел 1993 жылы туған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:04

15:59

15:42

15:34

15:17

15:01

14:51

14:43

14:32

14:25

14:17

14:11

12:33

12:14

12:09

11:52

11:38

11:13

10:59

10:33

10:16

09:59

09:40

09:36

09:16