Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Халықаралық заңгерлер қауымдастығы ҚР жаңа Констит...

Халықаралық заңгерлер қауымдастығы ҚР жаңа Конституциясының жобасын қолдады

Саясат 09.02.2026, 19:33 188
Халықаралық заңгерлер қауымдастығы ҚР жаңа Конституциясының жобасын қолдады
Халықаралық заңгерлер қауымдастығы

2026 жылғы 9 ақпанда Ұлттық академиялық кітапханада «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (Қазақстан) ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысына Халықаралық заңгерлер қауымдастығының өкілдері, халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар, заңгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған конституциялық реформаны және еліміздің болашақ дамуы үшін стратегиялық маңызы бар жаңа Ата заң жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» ҚБ басшысы Марат Башимовтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктерді кеңейтіп қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.

Оның айтуынша, жоба ережелерінің барлығы адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Құжатты әзірлеу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропа Кеңесінің конвенцияларында бекітілген нормалар мен тәсілдер, сондай-ақ еуропалық құқық практикасы кеңінен пайдаланылған.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Конституциясы жобасын қолдау жөнінде Халықаралық заңгерлер қауымдастығының резолюциясын қабылдады.

Резолюция мәтінінде Конституциялық комиссия жұмысының нәтижесінде жаңа Негізгі заңның тұтас әрі логикалық құрылымы қалыптастырылғаны атап өтілген. Конституцияның жаңартылуы Преамбула мен конституциялық құрылыстың негіздерінен бастап, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктеріне дейінгі барлық бөлімдерді қамтиды. Атап айтқанда, Халықтық Кеңес институтын дамыту, адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс тетіктерін кеңейту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері қарастырылған.

Халықаралық заңгерлер қауымдастығының сарапшылары 2026 жылғы конституциялық реформаның адамға бағдарланған, яғни адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қадір-қасиетін мемлекеттік саясаттың өзегіне қоятын модельге негізделгенін атап өтті. Адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарының мазмұны заманауи талаптарға сай жаңартылып, оларды іске асырудың жаңа қырлары ашылған. Сонымен қатар, адам капиталының, білімнің, ғылым мен инновацияның дамуы мемлекеттің стратегиялық қызмет бағыттары ретінде айқындалған.

Резолюцияда көрсетілгендей, ұсынылып отырған конституциялық реформа құқық қорғау саласындағы мемлекеттік тетіктердің тиімділігін арттыруға, оларды әрбір азамат үшін қолжетімді әрі түсінікті етуге мүмкіндік береді. Жаңа Конституция жобасының преамбуласында нақты белгіленген құқықтық мемлекет қағидаттарына сүйенетін конституциялық өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз етуге, елдің орнықты дамуына бағытталған.

Ұсынылып отырған өзгерістердің ауқымы мен мазмұнын ескере отырып, Халықаралық заңгерлер қауымдастығы мен халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар Қазақстан Республикасының Конституциясының жобасын қолдайтынын білдірді. Сарапшылар бұл құжаттың қазіргі заман талаптарына, қоғамның сұраныстарына, БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарына және еліміздің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келетінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика