AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің...

Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президентін қабылдады 

Билік 09.02.2026, 17:10 266 Сұлу
Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президентін қабылдады 
Ақорда

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі еліміздің маңызды стратегиялық серіктесі саналатынын атап өтті. Қаржы институты Қазақстанда басымдыққа ие инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысады.

Президент бүгін қол қойылған Серіктестік туралы негіздемелік келісімді құптады. Аталған құжаттың орнықты экономикалық дамуды ілгерілету мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда мәні зор. Қасым-Жомарт Тоқаев Цзоу Цзяиді жуырда Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті болып тағайындалуымен құттықтады.

– Сіздің осы лауазымдағы сапарыңызды Қазақстаннан бастағаныңызды жоғары бағалаймыз. Бұл екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретін жақсы нышан деп санаймыз. Банкпен бірге жалпы сомасы 2,6 миллиард доллардан асатын 9 жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Мұның бәрі өзара ықпалдастығымыз бен байланысымызды жандандыра түсетініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.🟦
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Ақорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Кеше 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Кеше 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);