ffin.kz

«Үркер толғағы» амалы

«Үркер толғағы» амалы Сурет: ашық дереккөз

Орыстар «Дева» дейді. Тура мағынасынан аударылған қазақшасы «Бикеш» делініп жүр. Жүсіп Баласағұн бұл амалды «Бидай басы» деп атаған

Өткен пайымымызда айтқандай, дүниені күйдіріп-жандырып шілде амалы жүріп жатыр. Бабалардың  болжамына байланысты жазғанымыздай: апта ішінде жаңбыр да жауды, күн күркіреп, найзағай да ойнады, аңызақ күндер де аз болған жоқ.

Күннің қатты ыстықтығынан ауа, жер құрғап, мерзімінен бұрын шөптердің буыны қатып, сарғая бастады. «Үркер толғағы» амалының келетін кезі жақындап келеді. Малға да, жанға да жайлы кез басталады.

Үркерді орыстар «Дева» деп атайды. Тура мағынасында аударылғандықтан қазақшасы «Бикеш» делініп жүр. Ал Жүсіп Баласағұн «Бидай басы» деп атаған екен. «Жеті қарақшының» қызын ұрлаған Үркер осы.

Қазақ Үркер, Таразы, Үш Арқар жұлдыздарын «бөлек туып бірге батқан үш жұлдыз» деп айтады. Үшеуі де жылдың әр мезгілінде туғанымен, бір күнде –  мамыр айының соңына таман (жиырма тоғыз, отызы шамасында) «жерге кіріп», көрінбей кетеді. Сонан соң Үркер Сарша айында (шілде), Таразы тамызда туады. Сол шоқжұлдыздар шоғыры көзге көрініп, жұптасып, көкке көтерілмей, шілденің аптабы басылмайтын көрінеді.

Аталмыш айдың алғашқы онкүні бітісімен жұлдыздар шоғыры топтасып, жұптасып, көкке бағыт алды. Міне, сол Үркердің («Бидай басы») қазір толғағы жүріп жатыр. Ауа райының тұрақсыз болуы, күннің күрт ысуы, жаңбырдың жаууы, бәрі-бәрі осы амалдың салдары. Үркер туған соң жер құрғайды, күн ысиды, шөптердің сабағы қатайып, өзі сарғаяды. Бұл малға да, жанға да жайлы кезең.

Осы кезде Сыр бойында, оңтүстік өңірлерде бидайға орақ түссе, астықты Арқа аймағында бидай масағы қамырланып, бас байлайды, ол қатая келе дәнге, дән нанға айналады. Әлемге аты әйгілі ғұлама Баласағұнның «Бидай басы» деп ат қойып, айдар тағуы осыдан болса керек. Үркер амалы жаздың бел ортаға келгендігін білдіреді. Бұл мезгілде кейде ұзаққа созылған сылбыр жауын жауады, кейде сарша тамызға жалғасқан қапырық ыстық болады.

Үркер күннің шығысынан шығады, оңтүстікпен жүреді, күнбатыстан батады.

қазақ халқының жыл санауы мен күнтізбесі, мүшел есебі мен тоғыс есебіне көңіл бөледі. Осы есепке сүйене отырып, малшылар әр айдағы амалдардың қалай өтетінін шамалап отырған. Халық бір жыл ішінде айналып соғып тұратын ыстық, суық, қар, жаңбыр, жел, боран, аязды білдіретін амалдарды қарастырып отырады. Осы  амалдар арқылы жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа райындағы табиғат өзгерістері мен құбылыстарын халық әркез назарына ұстап отырған.

Үркер жұлдызынан жиырма күндей кейін Таразы жұлдызы туады. Таразы шоқжұлдызы шілденің ортасы ауа шығыстан көрініп, күз, қыс бойы Үркердің соңын ала, батысқа қарай ауады. Таразы туғаннан кейін Сүмбіле туады. Сөйтіп, қоңыр күздің ортасы ауа, қара күздің басында Үркер бастаған Таразы, Сүмбіле (Үшарқар) жұлдыздар шоғыры батысқа қарай бағыт алады. Бұл көрініс күн мен түн теңескенін, енді күн ұзара бастайтын мезгіл-мезет жеткенін білдіреді.

Қазір григорианша, шілде айының – 5-і, ай күнтізбесі бойынша, – 29-ы, ескіше (қазақша) – 10 күннен кейін жаңа ай басталады. Аспан денелерінің білдіруі бойынша, алдағы аптада күн шуақты қалпын сақтайды. Жауын-шашын көбейеді, апта соңына қарай салқындық көрініс беруі ықтимал.

БАБАЛАР БОЛЖАМЫ

Шілде айының екінші он күніне жасалған жорамал:

  *Көкек шақыруын тыймаса, жаз ұзаққа созылады.

*Ағаш жапырақтары сарғая бастаса – күз бен қыс ерте түседі.

*Масаның азаюы ауа райының ыстық болатынының белгісі.

 *Бұлтты күндер жиі болмақ. «Бұлттан шыққан күн ащы» деген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55