конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Ұлу ма, ұлыма ма?

Ұлу ма, ұлыма ма?

Керек кеңес 25.03.2024, 07:33 1,659 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
Ұлу ма, ұлыма ма?
Сурет видео скрині

Ұлудың жыл атауына қалай айналды?


Наурыз айының 14-інен бастап Ұлу жылы кірді. Ежелден бабаларымыздың болжауынша, әр жылдың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Дана халқымыз әрбір жылға тек жақсылық пен құт-береке әкеледі деп сеніммен қарап, үкілі үмітпен болжам жасап отырған. Ұлу жылын «Ұлы жыл», «Үлгілі жыл» деп ерекше қастерлеп, құтты жылдың санатына қосқан.


Дегенмен, қастер тұтатын өзге дүниелеріміз тұрғанда, «Ұлу біздің жыл санауымызға қалай еніп кеткен?» деген ой жиі мазалайды. Зерттеп, зерделеп жүрген ғалымдардың айтуынша, ежелгі көшпенділер хайуандық күнтізбені қытайлардан қабылдап алған көрінеді. Дегенмен, кемшіліксіз көшірілген дей алмаймыз.



Айталық, Қытайда Маймыл жылы, қазақтарда Мешін жылы деп аталады. Ал Ұлу жылының санаққа кіруі туралы екі болжам бар. Біріншісі, табиғатқа тәуелді көшпенділер көбіне жазы қуаңшылық болып, қысы жұтпен есте қалған Қоян жылынан кейінгі келетін жылға жауын-шашын мол болсын деген ырыммен сулы жерде өмір сүретін ұлудың атын берсе керек. Екінші болжам, қытайлар айдаһарды «лұн» деп атайтын көрінеді. Ұлу сөзі осы «лұн» сөзінен шығуы ықтимал деген пікір.



Ұлу жылын ұйғыр, түрікмен және Қазақстанның кейбір оңтүстік аудандарында тұратын қазақтар Балық жылы деп те атайды. Ұлуды кейбір халықтар айдаһар немесе темсақ десе, кейбіреулері кішкене құс деп есептейді. «Ұлу – қасқыр» деген пікір де жоқ емес. «Ұлудың басына ақ құяды» деген қисынсыз, күлкілі долбар сөзді де естиміз. Бұл сонда не болғаны? Қазақ жыланның басына ақ құйып шығармайтын ба еді? Ұлудың қазақ мүшелімен аса қабыспайтыныны осыдан-ақ көрініп тұрған жоқ па?


Шор, хакастар, сахалар, қырғыздар сол ұлыманы «ұлу» деп айтады екен. Және жай айтпай «у-л-уу» деп «ұлып» айтады. Сонда ұлу жылы деген ұлыма болып шыға келмей ме? Қасқыр – түркінің анасы! Жұртта қалған баланы емізген… Сондықтан қазақ жыл санағында қасқырды қалдырып кетуі ақылға сыймайды. Көк түріктің анасы Көкбөрі болса, қазақ анасын ұмытатын халық емес қой... Осы маңызды мәселені жүйелейтін уақыт болған сияқты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #наурыз #ұлужылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Корея Республикасының жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық форумы өтеді

Бүгін 17:16

Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді

Бүгін 16:18

«Әке жолын қуса - игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасып келеді

Бүгін 15:44

Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:35

Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелер қалпына келтіріліп жатыр

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);