Продюсер Баян Алагөзова күйеуі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов "Қайрат" футбол клубына тосынсый жасап, екі автобус сыйлады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Продюсер Баян Алагөзова видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Көлік деп уәде берді, автобус әперді", - деп жазды ол.
Кәсіпкер клубтың иесі Қайрат Боранбаевпен алдын ала сөйлесп, командаға нақтыне қажетін сұраған.
"Сіздердің істеріңіз - нағыз ерлік. Сондықтан бәріңізге көп рақмет дегім келеді", - деді Алагөзов.
Автобустарды тапсыру рәсімінен соң клуб өкілдері кәсіпкерге алғысын білдіріп, оған "Қайрат" командасының жейдесін тарту етті.
Желі қолданушылары кәсіпкердің жомарттығына таңғалып, пікір жазып жатыр.
"Ешкімге міндетті емес, десе де уәдесінде тұрды", "Нағыз азамат! Жарайсыз!" "Осындай азаматтар көп болсын", - деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзов "Қайрат" "Реал Мадридті" жеңсе, әр ойыншыға көлік сыйлайтынын айтқан еді.