Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеуінше Қазақстанда бензин, дизель және сұйытылған газ бағасы кезең-кезеңімен өсетін болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
– «Бұған дейін Президент жанындағы кеңесте тиісті шешім қабылданды. Бағаның өсуі тек жанар-жағармайға ғана емес, сұйытылған мұнай газы мен тауарлық газға да қатысты. Бірақ Үкімет бұл процесті бақылауда ұстайды, бағаның күрт шарықтауына жол берілмейді», – деді министр.
Оның айтуынша, Үкімет нормативтік және әкімшілік құралдарды пайдалана отырып, бағаның тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Яғни, жанар-жағармай бағасы нарықтық факторларға сәйкес реттеліп, халық үшін ауыр салдары болмайтындай түрде көтеріледі.
Бұл өзгерістер отын нарығын тұрақтандыру және ішкі сұранысты тиімді реттеу мақсатында жүзеге асырылуда.